Қазақстанда жарты жыл ішінде 2 мың қызметкер жұмыстан шығарылды

Еңбек министрлігі қызметкерлерді жұмыстан босатқан 300-ге жуық кәсіпорынды өз бақылауына алды

4 июля 2018 года

Жарты жыл ішінде кәсіпорындарда 1,8 мың адам қызметтен босатылды, деп хабарлайды LS.

Жылдың басынан бастап 28 маусымға дейін 173 кәсіпорында 1 772 қызметкер жұмыстан шығарылды, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ведомство 271 кәсіпорынға мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ, еңбек министрлігі 2017 жылдың дәл осы кезеңінде 193 кәсіпорында 1979 адам қызметтен босатылғанын еске салды.

Аймақтар бойынша 2018 жылдың басынан бастап жұмыссыз қалғандардың басым бөлігі Астана қаласында - 61 кәсіпорыннан 695 адам, Алматы қаласында - 53 кәсіпорыннан 358 адам, Атырау облысында - 10 кәсіпорыннан 184 адам, Маңғыстау облысынан - жеті кәсіпорыннан 160 адам қызметтен босатылды.

Экономика секторларына келетін болсақ, жыл басынан бері құрылыс саласында - 228 адам, қызмет көрсету саласында - 179, өңдеу өнеркәсібінде - 122 адам жұмыссыз қалды.

"Қызметкерлердің жұмыстан жаппай босатылуының басты себептері: кәсіпорынның экономикалық жағдайының әлсіреуі, дайын өнім нарығының жоқтығы, жұмыс көлемінің азаюы, өндірістің автоматтандырылуы және тағы басқа", - деп пайымдады еңбек министрлігі.

Ведомство министрліктің аптасына 50-ге жуық қызметкердің  босатылуына арналған карта дайындайтынын хабарлады.

"Картаның деректеріне сәйкес, осы жылдың ІІІ тоқсанында Астана және Павлодар облыстарында екі жұмыс орнынан 418 қызметкер шығарылатыны жоспарлануда", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, министрлік, жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметтен айырылған қазақстандықтар алты айға дейін әлеуметтік төлем ала алады деп мәлімдеді.

"Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушылары жұмыссыз қалған жағдайда еңбек ақысын төлеу мерзімі тек төрт айға дейін. Қатысушылар үшін әлеуметтік төлемді төлеу үшін қойылатын бір ғана шарт бар. Ол - жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу. Бұл мөлшер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзіміне және табыс мөлшеріне байланысты", - деп қорытындылады ведомство.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.