Жетісу өңірінде ауқымды жобалар қолға алынады

8 мая 2026 года

Жетісу облысында бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы LS-ке өңір әкімдігінде мәлімдеді.

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, биыл бу-газ қондырғысын салу арқылы энергетикалық нысанды жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталады. Инвестициялық жобаның құны 25,4 млрд теңге. Нәтижесінде нысан 53 МВт электр энергиясын өндіріп, сағатына 48 Гкал жылу қуатын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар өңірде полимерлі жабындымен қапталған мырышталған болат прокатын өндіретін кәсіпорын іске қосу жоспарланған. Жобаның инвестициялық құны 8 млрд теңгені құрайды. Қазір өндіріс орнының айына 1,4 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік беретін үшінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында пластмасса және химиялық өнімдер өндіретін зауыт салынып, пайдалануға беріледі. Жобаның құны – 1 млрд теңге. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 30 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар Хоргос халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында жалпы көлемі 95 мың шаршы метрді құрайтын сауда орталығы пайдалануға беріледі. Жобаның инвестициялық құны 7,5 млрд теңге.

Өңір әкімдігінің дерегінше, 2026 жылы жалпы құны 129,4 млрд теңгені құрайтын 34 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Соның нәтижесінде 1 257 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін, LS редакциясы Жетісу облысында жалпы құны 50,3 млрд теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асырылғанын хабарлаған еді. Өткен жылы агроөнеркәсіп кешені, өңдеу және жеңіл өнеркәсіп, электрмен жабдықтау, көлік және логистика салаларында бірқатар жаңа нысан іске қосылып, 860-тан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Нефтегазовый сектор принес Казахстану 5,4 трлн теңге за восемь месяцев
18 сентября 2026 года
Почти 900 тыс казахстанцев сменили место жительства за полгода. Инфографика
18 сентября 2026 года
ТЭЦ-2 в Алматы готова на 94%, по ТЭЦ-3 отстают от графика
19 сентября 2026 года
Бензин не прошел проверку на АЗС трех регионов Казахстана
19 сентября 2026 года
Қазақстанда тоқыма өндірісі қарқын алды
18 сентября 2026 года
Итоги K26: каким бизнес и эксперты видят будущее экономики
18 сентября 2026 года
Новые правила для брокеров: 16 цифровых активов и раскрытие внебиржевых сделок
18 сентября 2026 года
Новое жилье или деньги: что предлагают владельцам аварийных домов в Алматы
18 сентября 2026 года
Казахстанские МФО столкнулись с падением прибыли и ростом просрочки
18 сентября 2026 года
Казахстан возвращается к своему текстилю: производство резко выросло
18 сентября 2026 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.