Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан басталады

4 мая 2022 года

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына арналған ақша 6 мамырға дейін өнеркәсіпті дамыту қорына аударылады, деп хабарлайды LS.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев журналистердің бағдарламаның басталуы неге кешіктіріліп жатқандығы туралы сұрақтарына жауап берді.

"Автонесиелеуді бастау үшін ақша керек, олар қазір "Жасыл даму" мекемесінде. 6 мамырға дейін біз корпоративтік процедураларды аяқтап, бұл ақшаны өнеркәсіпті дамыту қорына беруді бастаймыз", - деп түсіндірді ол.

Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (ИИДМ) Қайырбек Өскенбаев қор бұдан әрі банктермен шарттар жасасуы тиіс екенін атап өтті.

"Осыдан кейін қор осы банктердің шоттарына ақша аударуы керек, кейін оларды халыққа беру жұмыстары басталады. Қанша уақыт кететіні әлі белгісіз. Банктермен жеке жұмыс жасаймыз. Бірнеше банктермен келісім бар. Қазір бұл мәселе пысықталуда", - деп түсіндірді ол.

Министр сондай-ақ, өткен жылы автомобильдер бойынша 118 мың мәміле жасалғанын, оның 65%-ы немесе 80 мыңға жуығы жергілікті құрастырылғанын айтты. Министр сандарды мысал ретінде келтірді. Оның мәліметінше, өткен жылдың төрт айында елімізде 22 мың машина, ал осы жылдың ұқсас кезеңінде 30 мың машина, яғни 8 мыңға артық өндірілген.

"Алайда, автонесиелеу бағдарламасына байланысты сұраныс артып келеді. Сондықтан біз биылғы жылы 110 мың машина шығару міндетін қойдық, бірақ қазір жоспарларды түзету қажет.  Қазір өндірушілермен авто өндіріс көлемін барынша арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп түйіндеді ИИДМ басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу алуға электрондық кезек пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұрын ИИДМ басшысы қазақстандықтарға жеңілдетілген несиемен көлік сағы жетеме соны айтты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.