Жаңа зауыт және нарықтағы ұсталған автокөліктер: Смағұлов биылғы жылғы жоспарларымен бөлісті

Кәсіпкер пайдаланылған автокөліктер нарығын жауламақ

14 января 2020 года

2019 жыл Astana Motors үшін ерекше табысты жыл болды, ал 2020 жылға екі ірі жоба белгіленген. Компания басшысы Нұрлан Смағұлов журналистермен алдағы жоспарларымен бөлісті,деп хабарлайды LS.

Жалпы, сұхбат өткен жылдың сатылымдары, шағын торапты құрастырудағы және экспорттаудағы Алматы зауытының рөлі мен ұсталған машиналар нарығы туралы болды.

2019 жылдың нәтижелері мен 2020 жылға болжам

2019 жылдың қорытындысы бойынша Astana Motors тың жалпы сатылымы 48% - ға өсіп, 21,5 мың бірлікке жетті. Бұл ретте компанияның жаңа машиналарды сатудағы үлесі 29% - ға өскен.

"Біз 28 жыл жұмыс істейміз және бұл біздің жұмысымыздың осы уақытқа дейінгі ең рекордтық көрсеткіші. Демек, компанияның сатылымы нарықтан екі есе жылдамырақ өседі. 2020 жылы 27 мың машина сатып, өз үлесімізді 30-33%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз" - деді Смағұлов.

Ұсталған көліктер нарығы

Ол жаңа көліктерді сатудан басқа компания Trade-in*бағдарламасы бойынша мәмілелерді ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты. 2019 жылы 3,7 мың машина сатылды, 2020 жылы 6 мың бірлік іске асырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ Смағұлов ұсталған көліктерді сату бойынша хабтар құру туралы айтып кетті.

"2019 жылы Қазақстанда 70 мыңға жуық жаңа машина және 700 мыңға жуық ескі машина сатып алынды. Басқаша айтқанда, Қазақстанда ұсталған көлік нарығы жаңа нарықтан 10 есе артық. Бұл ретте сатудың басым бөлігі сұр сегментте. Біз бұл сегментке кіріп, оны жандандыруды шештік, өйткені бұл коммерциялық тұрғыдан өте тиімді",-деді Смағұлов.

Оның айтуынша, 2020 жылы Алматыда және Нұр- Сұлтанда ескі көліктерді сату бойынша екі хаб ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Смағұлов болашақ сатып алушыларға жаңа көлікті сатып алу кезіндегідей сүйемелдеуді уәде етті.

 "Темір тұлпарды қолдан сатып алуғаннан ғөрі компаниядан сатып алу қауіпсіз әрі ыңғайлы. Біз сондықтан осы сату сегментіне бағыттадық. Жақын арада көптеген автокомпаниялар қолда бар машиналар нарығын алады. Шетелде де бұл танымал тәжірибе.",-деді ол.

Жалпы, бизнесменнің болжамдары бойынша, оның компаниясында ұсталған көліктер сатылымы жаңа көліктерді сатудағы деңгейге жетуі тиіс.

Алматы зауыты. Ұсақ тораптық құрастыруға көшу

Қыркүйек айында Алматыда 25 млрд теңге тұратын Hyundai маркалы жеңіл автокөлік шығаратын зауыт іске қосылады деп күтілуде. Смағұлов 2019 жылдың желтоқсанында жаңа құрал-жабдықта алғашқы тестілік ірі тораптық авто құрастырылғаны туралы атап өтті. Алда бояу және дәнекерлеу цехын іске қосу қалды,одан кейін кәсіпорын жылына 30 мың авто шығара алады.

Айта кетейік, зауытта 700-ге жуық жұмыс орны ашылады, олардың әрқайсысының құны 35,7 млн теңгені құрайды, ал бір адамның өнімділігі жылына 249,6 млн теңгеге жетеді. Компания уәде еткендей, қызметкерлердің жалақысы да тиісінше жоғары болмақ.

Бұдан басқа, компанияның бас директоры Бекнур Несіпбаевтың айтуынша, Алматы зауыты Санкт-петербургтік зауыттармен ынтымақтасып, одан бір автокомпоненттер сатып алып, басқаларын сататын болады.

Сонымен қатар Смағұлов жергілікті қамту үлесін біртіндеп арттыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

"Бұрын Hyundai автокөліктері "СарыарқаАвтоПром" зауытында жиналған. Іске қосылғаннан кейін біз оларды өзіміз жинаймыз. Бұл ретте біртіндеп ірі торапты құрастырудан ұсақ торапты құрастыруға ауысқымыз келеді. 2021-2022 жылдары қыркүйек айларындда іске қосылғаннан кейін біз орындықтар, әйнектер шығаратын технопаркке дейін кеңейтілетін боламыз. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті тартамыз",-деді компания басшысы.

Ол атап өткендей, есеп бойынша, ұсақ тораптық құрастыруға көшу көлік бағасын 3-4% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Шетелге экспорттау

Смағұлов ЕАЭО шарттары бойынша, егер автокөліктегі жергілікті қамту үлесі 50%-ға жетуі тиіс болса, көлікті экспорттауға болады. Сондықтан компания басшысы жергілікті қамтуды арттыру аса маңызды деп санайды.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, олар қазірдің өзінде Өзбекстанға автокөліктерді сатуда, сондай-ақ Украинаға да жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде.

"Ташкентте бізде екі дилерлік орталығымыз бар. Өткен жылы 244 автокөлікті саттық. Украинамен Hyundai базасында келіссөздер жүргіземіз. Украина мен Ресей арасындағы қақтығысқа байланысты федерациядан жеткізілімдер тоқтатылды. Украина Оңтүстік Корея мен Үндістаннан көлік шығара бастады,бұл көлік құнына әсер етіп, сатылымды төмендетті. Қазір Қазақстаннан көлік әкелу үшін келіссөздер жүргізілуде.  Жыл соңына дейін мәселе шешіледі және біз Украинаға Өзбекстанмен жылына 5-7 мың авто сатамыз. Сондай-ақ біз Тәжікстан мен Қырғызстан нарықтарын да қарап отырмыз. Онда 200-300-ден көлік жеткізуге болады",- деді Смағұлов.

Ол сондай-ақ компания автобус зауытын кеңейтуді жоспарлап, ірі қытайлық компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Егер ол Қазақстанды таңдаса, онда көлікті ТМД-ның барлық елдеріне сатуға болады.

Сонымен қатар, бизнесмен алдағы уақытта қазақстандық автокөліктерді басқа елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын LS Алматыда жеңіл автокөлік шығаратын зауыт құрылысы басталғандығы туралы ақпаратты жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.