Жаңа әкімнің келуімен Алматыда не өзгереді

Халықтың нақты табысы 5% дейін өсуі керек

8 февраля 2022 года

Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев 2022 жылы қаланың дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды LS.

Қала басшысының айтуынша, халықтың нақты табысы 5%-ға дейін өседі, ал ЖӨӨ кем дегенде 4,5%-ға артады.

Мақсаттарға қол жеткізу үшін Almaty Business 2025 қаржыландыру ағымдағы 12 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Сондай-ақ, кемінде 50 мың жұмыс орнын, оның ішінде бизнес есебінен 31 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

"Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және ағымдағы бизнесті кеңейту үшін  білікті кадрлардың жеткіліксіздігі бар. Сондықтан нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіптік- техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылатын болады", - деп түсіндірді Досаев.

Қаланың әл-ауқаты туралы айта келе, әкім азық-түлік тауарлары бағасының өсуі халықтың нақты табысына теріс әсер ететінін атап өтті. Осыған байланысты бағаларды тұрақтандыру үшін шаралар кешені қабылданатын болады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлінеді.

Оның ішінде қала базарларындағы "айналым схемасы" мен "әлеуметтік дүкендер" аясында қаржыландырудың едәуір ұлғаюы қарастырылуда. Шешім ақпан айының соңына дейін қабылданады.

Бұдан басқа, азық-түлікті үй жанындағы дүкендерге тікелей жеткізуге 204 келісімшарт, нан, күнбағыс майы және қарақұмық өндірушілерімен дүкендерге белгіленген бағамен жеткізу бойынша 19 меморандум жасалды.

Әкім қаланың маятниктік көші-қон мәселесін қолға алған. Оның айтуынша, күн сайын қалаға шамамен 250 мың машина кіреді, бұл Алматының қала маңындағы тұрғындарының санын 500 мың адамға арттырады. Мегаполис кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің 60%-ы жақын маңдағы аудандардың тұрғындары.

"Алматы мен Алматы облысының әкімдіктері маятниктік көші-қон, көлеңкелі экономикамен күрес, экология, көлік және өзге де инфрақұрылымды бірлесіп дамыту сияқты проблемаларға ерекше назар аудара отырып, Алматы агломерациясын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысты бастауға ниетті", - деп түсіндірді қала басшысы.

Досаев, сондай-ақ, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уәде берді. Әкімдіктің 2021 жылғы бағалауына сәйкес ластанудың негізгі көздері көлік – 56%, ЖЭО және өнеркәсіптік кәсіпорындар – 39%, жеке тұрғын үй секторы – 5% болып табылады.

Осыған байланысты қоғамдық көлік жылжымалы құрамның экологиялық түрлерін сатып алу есебінен жаңартылатын болады (қазір 2,4 мың бірліктен 15 электр автобусы ғана). I тоқсанда 300 бірлік газ автокөлігін сатып алу жоспарлануда. Осының есебінен экологиялық автобустардың үлесі 30%-дан 37,4%-ға дейін өседі.

Сондай-ақ, 1 млн ағаш отырғызу бағдарламасы жалғасады.

Инфрақұрылымға келетін болсақ, мегаполисте "жаңа Алматыны" дамытудың кешенді жоспары аясында кемінде 100 км жаңа жол салынады.

"Әл-Фараби даңғылының шығыс айналма жолынан Саина көшесіне дейінгі аралықтағы орташа жөндеуге бұрын жоспарланған 2 млрд теңгені бүгінде жол төсемі жоқ немесе сапасыз салынған қаланың аса мұқтаж аудандарындағы жолдарды салу және жөндеуге қайта бөлу туралы шешім қабылдадым", - деді әкім.

Ол 2022 жылы Әуезов көшесінің екі қиылысындағы жұмыстар аяқталатынын айтты. Екі метро станциясын мамыр айында ашу жоспарлануда.

Жаңа аудандарды дамыту үшін 2022 жылы шамамен 62 мың тұрғынды қамти отырып, сумен жабдықтау және кәріз желілерінің 18 объектісінің құрылысы аяқталады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарғалы өзенінде су тарту құрылысы аяқталады, бұл Наурызбай ауданында 50 мың адамды сумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, биыл ұзындығы 147,2 км электр желілерін қайта құру және екі қосалқы станцияның құрылысы аяқталады, бұл қаланың 400 мың тұрғынын сенімді және үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді. 313 аула жөнделеді.

Қаңтар оқиғаларына тоқтала, Досаев Қазақстанда зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 88%-ы Алматыда екенін атап өтті. Оларға залалды тезірек өтеу тәртібі жеделдетілдi. Осы тәртіппее 1,2 мың субъект (82%) екі-үш апта ішінде қаражат алады. Қалған 274 субъект – қажетті сараптамалар мен бағалардың нәтижелерін күтеді.

Қауіпсіздікке келетін болсақ, әкімнің айтуынша, көшедегі 587 бақылау камерасының жұмысы қалпына келтірілді. 2022 жылдың маусымына дейін қосымша жаппай жиналатын жерлерде 3 мың камера iске қосылады және қаланың шалғай аудандарында тағы 200 "Сергек" кешені (800-ге жуық камера) орнатылады.

Сондай-ақ, қала көшелері мен аулаларын жарықтандыру жұмыстары жалғасады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.