Зейнетақы қоры жеке капитал мен мүлікке инвестиция жасайды

сегодня

Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның жоғары кірісті активтерін шетелдік нарықтар арқылы көбейту жоспарлануда. Бұл жөнінде LS-тің ресми сауалына Ұлттық банк жауап берді.

Ведомствоның мәліметінше, инвестицияның негізгі бағыты – дамыған елдердің компания акциялары, дамушы нарықтардың облигациялары, корпоративтік бондтар, сондай-ақ, баламалы құралдар: жеке капитал, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, хедж-қорлар мен бағалы металдар.

"Қазіргі кезде Ұлттық банк БЖЗҚ активтерінің ұзақ мерзімді нақты табыстылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды қолға алды. Бұл мақсатта валюталық портфельдің құрылымы қайта қаралып, кірісі жоғары активтердің үлесін ұлғайту және жеке капитал, инфрақұрылым, жылжымайтын мүлік қорлары мен хедж-қорлар сынды баламалы инвестиция құралдарын енгізу жоспарлануда", - делінген банк мәліметінде.

Бұл қадам тек табыстылықты арттырып қоймай, активтер портфелінің тұрақтылығын күшейтуге, тәуекелдерді әртараптандыруға және жария нарықтардағы құбылмалылық пен циклдік тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен бірге, қазір Ұлттық банк сенімгерлікпен басқарып отырған зейнетақы жинақтарына қандай қаржы құралдарын сатып алуға болатынын реттейтін тізім де қайта қаралып жатыр.

2019 жылдан бері Ұлттық қор активтері теңгерімді портфель үлгісіне кезең-кезеңімен көшіп келеді. Бұған дейін қолданылған консервативті модель (80% – облигациялар, 20% – акциялар) өзгертіліп, жоғары кірісті активтердің үлесі едәуір ұлғайды.

Алдағы уақытта баламалы инвестициялардың үлесін 3%-дан 5%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

"Жалпы Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтеріндегі жоғары табысты құралдардың үлесі шетелдік нарықтарға бағытталған инвестициялар есебінен арттырылады", - деп түйіндеді Ұлттық банкте.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.