Заңсыз әкетілген капитал Қазақстанға қалай қайтарылады

Қаржы министрлігінде жұмыс тобы құрылды

15 февраля 2022 года

Қаржы министрлігі шетелге заңсыз әкетілген активтерді қайтару шаралары туралы айтты, деп хабарлайды LS.

Министрлiк басшысы Ерұлан Жамаубаевтың сөзiнше, барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

"Капиталды шетелден елге қайтару және елден, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту бөлігінде нақты ұсыныстар әзірленетін болады", - деді ол.

Бұдан басқа, дивидендтерге салық салу, материалдық емес қызметтер және бақыланатын шетелдік компаниялар бойынша шегерімді шектеу бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірленді.

"Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің үздік тәжірибелерін ескере отырып, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заң қабылданады. Осы бағыт бойынша нақты ұсыныстар екі ай ішінде Мемлекет басшысына ұсынылатын болады", - деп нақтылады Жамаубаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде халықаралық ынтымақтастық бойынша құқықтық база дайындалды.

"Қаржы шоттары бойынша автоматты ақпарат алмасу туралы көпжақты келісім аясында 2019 жылдан бергі кезеңді қамтитын 62 юрисдикциядан ақпарат алу жолға қойылды. Сондай-ақ, АҚШ үкіметімен халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау мақұлданды. Соның арқасында екі ел резиденттерінің қаржылық шоттары туралы өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылатын болады", - деп атап өтті министр.

Халықаралық шарттардың ережелерін салық салудан жалтару және капиталды шығару бөлігінде теріс пайдаланудың алдын алу жөніндегі көпжақты конвенция әлі де ратификацияланды, деп түйіндеді ол.

Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке заңсыз әкетілген ақшаны елге қайтару бойынша ұсыныстар беруді тапсырған болатын. Сондай-ақ, ол Ұлттық банкке қаржы нарығын реттеу және қаржы мониторинг агенттіктерімен бірлесіп, барлық транзакцияларды және елден қаражатты негізсіз шығаратын тұлғаларды нақты тексерiп, бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.