Қытайлық автокөліктер Қазақстанда шығарылады

Елде шағын торапты құрастыру зауыты icке қосылады

15 сентября 2022 года

Қазақстанда қытайлық брендтердің автокөліктері шығарылады. Бұл туралы "Астана Моторс" компаниясында мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Компанияның ақпараты бойынша, Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автомобиль концерндерімен компанияның Қазақстанда Қытай брендтерінің автомобильдерін шығару құқығын растайтын меморандумдарға қол қойылды.

2023 жылы Алматының индустриялық аймағында Chery, Changan, Haval автомобильдерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыттың құрылысын бастау және оны 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Кәсіпорын лицензиялық келісімдер бойынша автомобильдер шығаратын "Астана Моторс" компаниясының 100% меншігінде болады.

Жаңа кәсіпорын автомобильдердің барлық көлемін дәнекерлеу және шанағын бояй отырып, тек ұсақ торапты әдіспен өндіретін болады. Нәтижесінде жылына 90 мың автомобиль шығарылмақ, оның ішінде 60% – ТМД елдеріне экспортталады.

"Біз бұл бизнестің қарқынды дамуының жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстандағы Қытайдың жетекші брендтерінің жоғары технологиялық автомобильдерін өндіруге $200 млн жуық инвестиция салынады", - деп атап өтті Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.

Оның айтуынша, жаңа жоба 2,2 мыңға жуық жоғары білікті жұмыс орындарын ашады, олардың әрқайсысы басқа салаларда да жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы "Астана Моторс" компаниясы автоқұрамдауыштар шығаратын зауыт құрылысын бастайды.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда Hyundai маркасының екі моделін құрастыру тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.