Туристерге ел ішіндегі демалыстың 20%-зы қайтарылады

8 июня 2023 года

Қазақстанда ішкі туристер үшін кэшбэк енгізілмек, деп хабарлайды LS.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, министрлік ішкі туристер үшін кэшбек жүйесін әзірлеуде.

"Бұл Ұлытау, Абай облыстарын және басқа да туристік бағыттарды дамытуға көмектеседі. Жоба әлі іске қосылмағанымен, жұмыс үстінде. Қазір нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде, содан кейін барлық қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік өтінім беріледі. Жоба келесі жылдан бастап іске қосылады деп ойлаймын", - деді министр "Астана" халықаралық форумының аясында.

Министрдің сөзінше, мәселен, турист Астанада турпакетті сатып алып, Ұлытау облысына барғанда-оған 20% шартты түрде мемлекет бүкіл турпакеттен өтеледі. Бұл сомада авиабилет шығыны да қарастырылған.

"Аталмыш жоба қазақстандықтар үшін ішкі туризмді дамыту мақсатында қолға алынды. Жоспар бойынша келесі жылдан бастап іске қосылмақ", - деді Оралов.

БАҚ өкілдері тарапынан бұл жаңашылдық барлық туроператорларға қатысты бола ма деген сауал туындады.

"Бұл жоба барлығына ортақ. Басты мақсат өңірлердегі турбизнесті дамыту. Әрине, егер турист Алматы мен Астанаға баратын болса, онда өтемақы мөлшері аз шығады, өйткені онсыз да дамыған дестинациялар. Егер ол Маңғыстау облысына немесе Абайға баратын болса, онда қайтару сомасы 20%-ға дейін болады. Жоба сәтті шығып, келесі жылдан бастап жұмыс істейді деп үміттенеміз", - деп түйіндеді министр.

Бұған дейін, Қазақстанда туризмді дамытуға шамамен 3 трлн теңге құю жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Мәдениет министрлігінде Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Абай облыстары даму үшін ең перспективалы аймақтар деп атады, өйткені бұл жерледің демалыс орындары сұранысқа ие.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.