Теңгенің әлсіз қалуының үш себебі

Мұнай бағасы теңге бағамы үшін негізгі макрофактор

9 ноября 2021 года

Мұнай нарығындағы оң динамика теңге бағамына тағы да әсер еткен жоқ. Ұлттық банкте себептерін түсіндірді, деп хабарлайды LS.

Ведомство төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазан айында Brent бағасы барреліне $80-дан асқанын атап өтті. 9 қарашадағы мәліметтерге сәйкес, баға белгілеулер $83,3-ға дейін төмендеді. Оның айтуынша, мұнай бағасы теңге бағамы үшін негізгі макрофакторлардың бірі болып қала береді. Себебі ішкі нарықтағы шетел валютасын ұсыну көлемі де осыған байланысты.

Алайда, курсқа әсер ететін көптеген басқа факторлар бар.

"Біріншіден, экономикалық белсенділіктің қалпына келуі және фискалдық серпіннің аясында импорттың өсуі теңге бағамына тұрақты қысым көрсетіп отыр. Сондықтан, мұнай нарығындағы ралли нәтижесінде экспорттаушылардың валюталық түсімінің өсуіне қарамастан, шетел валютасына сұраныстың байқалып отырған өсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік бермейді. Жақсы мысал – ресейлік тауарлар импортының артуы. Ағымдағы жылдың II тоқсанының нәтижелері бойынша Ресейден импорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда $4,2 млрд-қа жетті. Осылайша, Ресейден келетін тауарларға деген ішкі сұраныстың артуы теңгенің рубльге қатысты әлсіреуіне әкеледі. Қазан айында рубль 5,85-тен 6,05-ке дейін немесе 3,4%-ға әлсіреді", - деді Молдабекова.

Екіншіден, еркін өзгермелі жағдайда жаһандық үрдістер теңгеге тікелей ықпал етуде. Саны бойынша жеңілдету бағдарламаларын қысқарту және 2022 жылы Fed мөлшерлемесінің артуы жөніндегі нарықтың күтулері аясында АҚШ долларының нығаюы инвесторлар арасында дамушы нарықтарға қатысты теріс сентимент туындатады.

Үшіншіден, ағымдағы жылы шикізат тауарларына бағаның өсуі мен шикізат экономикалары валюталарының серпіні арасындағы байланыстың әлсіздігі жаһандық мәнмәтінде байқалды. Канадалық доллар, норвегиялық крон, ресей рублі, жыл басынан бері мұнайдың екі таңбалы өсуіне қарамастан, салыстырмалы түрде нығайтуды көрсете алмады.

"Ұлттық банк валюталық интервенция өткізбеді. Бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін $988 млн-ры көлемінде Ұлттық қордың қаражатын конвертациялау бойынша операциялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан $208 млн-ры мөлшеріндегі міндетті сатулар теңгеге қолдау көрсетті. Сонымен қоса, базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін өсіру теңгедегі борыштық құралдардың тартымдылығын сақтайды, оны бейрезиденттердің қазанда ҚР МБҚ-на 863 млрд-қа дейін (жылдың басынан бері өсім 433 млрд.) салымдары көлемінің 75 млрд-қа өскені растайды. Қарашаның басынан бері мұнай бағасының төмендеуі аясында теңге бағамы 429,20 теңгеге дейін 0,5%-ға әлсіреді", - деп атап өтті Молдабекова.

Ол қаржы нарықтары қазіргі уақытта әлемнің жетекші орталық банктерінің монетарлық саясатындағы риторикадағы өзгерістерге барынша бейім екенін атап өтті. Сондай-ақ, 2022 жылы АҚШ, Канада, Австралия және Ұлыбританияда мөлшерлемелердің өсу циклі күтілуде.

"Бұл дамушы нарықтардан капиталдың кету қаупін тудырады. Дамушы елдердің валюталары доллардың тұрақты нығаюы және дамыған елдердің МБҚ кірістілігінің өсуі аясында қысым көріп отыр. Бұл ретте АҚШ ФРЖ-ның монетарлық саясаты ЕМ активтерінің құнына барынша әсер етуге бейім. Кейбір сарапшылар да әлемдегі тоқырау – инфляцияның өсуімен қатар жүретін экономикалық құлдырау тәуекелдеріне алаңдаулы", - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Молдабекова мұнай бағасының өсуін жалғастыру, сондай-ақ, қарашаның алдағы ірі салық төлемдері жақын болашақта теңгеге қолдау көрсететініне сенімді. Алайда, шетел валютасына тұрақты сұраныс және сыртқы нарықтардағы құбылмалылық бұл әсерді теңестіре алады.

Сонымен қатар, ол еліміздің халықаралық резервтеріндегі жағдай туралы айтты. Осылайша, алтын-валюта резервтері қараша айының басында $35,8 млрд құрады, еркін айырбасталатын валютадағы активтер $854 млн-ға төмендеді, сондай-ақ Ұлттық қордың валюталық активтері $55,1 млрд құрады.

"Кепілдендірілген және мақсатты трансферттерді бөлу үшін қазан айында валюта нарығында $988 млн активтер сатылды, бұл 420 млрд теңгеге тең. Республикалық бюджеттің қажеттілігін қанағаттандыру үшін Ұлттық қордан 428 млрд теңгеге жуық трансферттер бөлінді. Түсімдер 103 млрд теңгені құрады, оның ішінде $163 млн – шетел валютасында. Қазан айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісі $871 млн құрады, ал жыл басынан бері – $2 млрд сонымен қатар, ағымдағы айдың басынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық кірісі тағы да $470 млн-ға, $2,45 млрд-қа дейін өсті", - деп түйіндеді Молдабекова.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.