Теңге мен инфляция: сарапшылар болжамын жаңартты

сегодня

Кәсіби нарық қатысушылары алдағы екі жылға арналған доллар бағамы болжамын қайта қарады, деп хабарлайды LS.

Бұл туралы Ұлттық банктің тамыз айындағы макроэкономикалық сауалнамасында айтылған.

Мұнай. Нарық қатысушылары 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы бойынша болжамын сәл төмендетіп, барреліне $82,7 деп бағалады. 2027 жылға арналған болжам $75 деңгейінде өзгеріссіз қалды. Ал 2028 жылға болжам $73,7-ге дейін аздап көтерілді.

Инфляция. Сарапшылар 2026 жылы инфляция деңгейі 10% болады деп күтеді. 2027 жылға арналған болжам 7,8%-дан 8,5%-ға, ал 2028 жылға арналған болжам 6,8%-дан 7%-ға дейін көтерілді. Бес жылдық кезеңге арналған инфляциялық күтулер, керісінше, 5,4%-дан 5,3%-ға дейін төмендеді.

Базалық мөлшерлеме. 2026 жылға арналған болжам 16% деңгейінде өзгеріссіз қалды. 2027 жылға арналған болжам 12,8%-дан 13%-ға дейін өсті. Ал 2028 жылға арналған көрсеткіш 10,6%-дан 10,5%-ға дейін төмендеді.

Теңге бағамы. Сарапшылар теңгенің алдағы жылдары нығая түсетінін болжап отыр. 2026 жылы доллардың орташа бағасы 490 теңге болады деп күтілуде. Бұған дейінгі болжам 500 теңге болған. 2027 жылы доллар 516,2 теңге, ал 2028 жылы 562,2 теңге болады деп болжануда.

ЖІӨ. Сарапшылардың жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі бойынша болжамы өзгерген жоқ. 2026 жылы экономика 4,8%- ға, 2027 жылы 4,6%- ға, ал 2028 жылы 4,3%- ға өседі деп күтілуде.

Бұған дейін, Ұлттық банк бағаның өсуін шектеудің негізгі шартын атаған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.