Теңге бағамы нығаюда – Ұлттық банк

Оған өткен айдағы мұнай бағасының өсуі әсер етті

9 июня 2021 года

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан тұрғын үй мәселелерiн шешуге және өзге де мақсаттарға 1,4 трлн теңге жұмсаған, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бес айдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 1,8%-ды құрағанын атап өтті.

"Маусым айының басында мерзімінен бұрын ақша шешу көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану басталғаннан бері біз ай сайынғы қаражат шешу көлемінің төмендегенін байқап отырмыз: ақпан айында – 643 млрд теңге, наурызда – 302 млрд теңге, сәуірде – 283 млрд теңге және ағымдағы жылдың мамыр айында – 179 млрд теңге. Бұл операциялар БЖЗҚ инвестициялық қоржынының сапасына әсер етпейді, өйткені ол негізінен қаржы құралдары бойынша өтеуден және салымшылардың жарналарынан түсетін шоғырландырылған ақша қаражаты есебінен жүзеге асырылады", – деп хабарлады ол.

Сондай-ақ, Молдабекова мұнай бағасының өсуі аясында мамыр айында теңге бағамы 0,1%-ға, $1 үшін 428,71-ге дейін нығайғанын атап өтті. Ұлттық валюта үшін қосымша оң факторлар салық аптасы және резидент еместердің инвестицияларының ұлғаюы болды: экспорттаушылар салық кезеңінде биржада шамамен $290 млн айырбастады, ал резидент еместердің МБҚ-ға ағыны шамамен 100 млрд теңгені құрады.

"Теңгенің шамалы нығаюы дивиденд төлеу үшін шетел валютасына сұраныстың артуымен байланысты болып отыр. Шетел валютасымен төлеу қажеттілігі, ірі жергілікті банктердің бірінде мамыр айында нарық тарапынан қосымша сұраныс факторы болды. Жалпы, валюталық нарықтағы жағдай теңдестірілді, Ұлттық банк интервенция жүргізген жоқ. Бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін валюта нарығында $553 млн айырбасталды, квазимемлекеттік сектордың сату көлемі шамамен $340 млн құрады, бұл ретте маусым айында теңге бағамы нығаю трендін жалғастыруда. Айдың басынан бастап мұнай бағасының шыңы аясында валюта 426,7-ге дейін немесе 0,5%-ға нығайды", – деп нақтылады ол.

Халықаралық резервтерге келетін болсақ, Молдабекованың ақпараты бойынша, алтын-валюта резервтері ай басынан бастап $2,2 млрд-қа ұлғайып, $36,5 млрд-ты құрады, бұл бағалы металл бағасын бір унция үшін $1892-ге дейін (немесе 7%өға) қалпына келтіру аясында Алтын портфелінің $1,9 млрд-қа өсуіне байланысты. Резервтер құрамындағы алтынның үлесі 67,7%-ға жетті. Қымбат металдар бағасының өсуіне АҚШ МБҚ кірістілігінің төмендеуі және доллар бағамының жаһандық төмендеуі себеп болды", – деді ол.

Сонымен қатар, еркін айырбасталатын валютадағы активтер $311 млн-ға, оның ішінде Ұлттық банктегі депозиттер мен шоттардағы қаражаттың $297 млн-ға өсуі есебінен өсті.

"Ұлттық қордың валюталық активтері $58,5 млрд-қа жетті, бір ай ішінде олар $800 млн-ға өсті, бұл валюталық түсімдердің ұлғаюымен және оң инвестициялық кірістермен түсіндіріледі. Мамырдағы валюталық түсімдер $720 млн құрады. Қорға түсетін түсімдердің елеулі деңгейі – ағымдағы жылы мұнай бағасының қалпына келуімен және мамырдағы үлкен салық төлемдері кезеңімен байланысты болды. Мамыр айында Ұлттық қордың инвестициялық табысы шамамен $660 млн-ға немесе 1,15%-ға жетті. Сонымен қатар, мамыр айында 251 млрд теңге көлемінде кепілдендірілген және нысаналы трансферттер бөлу үшін Ұлттық банк қордың валюталық активтерін $553 млн-ға (237 млрд теңгеге баламалы) сатты. Бұл ретте трансферттердің бір бөлігі теңгелік шоттағы қалдықтар мен теңгелік түсімдер есебінен қанағаттандырылды",- деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Ол 2021 жылдың басынан бастап дамушы елдердің МБҚ-дағы инвестициялары $1,3 млрд-қа және алдын ала деректер бойынша инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар $500 млн-ға ұлғайғанын, бес ай ішінде ұлттық қор активтерінің кірістілігі $1,64 млрд-ты немесе 2,84%-ды құрайтынын қосты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.