Теңге бағамы күзде әлсіреуі мүмкін

сегодня

Қазақстанда алдағы айларда теңге бағамы біртіндеп әлсіреуі ықтимал. Осындай болжамды LS тілшісіне "Финам" компаниясының сарапшысы Александр Потавин айтты.

Сарапшының пікірінше, күз айларында USD/KZT бағамының өзгеруіне ең алдымен әлемдік мұнай бағасы, сондай-ақ мемлекет тарапынан валюта сатылымының көлемі мен оны қысқарту қарқыны әсер етеді.

"Біздің болжамымыз бойынша, биылғы IV тоқсанда доллар бағамы 460- 495 теңге аралығында болады. Сонымен қатар, қысқа мерзімде теңгенің аздап нығаюына мүмкіндік беретін алғышарттар да бар", – деді А. Потавин.

21 шілдеде сауда барысында доллар бағамы шамамен 468 теңге болды.

Сарапшының айтуынша, алдағы кезеңде теңгенің әлсіреуіне мемлекет тарапынан ұлттық валютаны қолдау көлемінің біртіндеп азаюы әсер етуі мүмкін.

Сарапшының сөзінше, квазимемлекеттік компаниялар енді валюталық түсімінің жартысын міндетті түрде сатпайды. Сонымен қатар, Ұлттық қордан бюджетке бөлінетін қаражат та азаяды. Соның салдарынан нарықтағы шетел валютасының көлемі қысқаруы мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.