Теңге бағамы, инфляция және ЖІӨ: сарапшылар болжам жасады

Салық түсімдері 14%-ға артады деп күтілуде

4 мая 2021 года

2021 жылғы теңгенің орташа жылдық бағамы $1 үшін 430,9 деңгейінде қалыптасады. Сарапшылар макроэкономикалық шолу жасап, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды LS.

Құжатта AERC Brent бағасы барреліне $62,3 деңгейінде болатынына сүйенеді.

"Біздің болжамымыз бойынша, Қазақстанның нақты ЖІӨ биыл 3,9%-ға (бұрын 4,8%) өседі. Қайта қарау бүкіл әлемде инфекцияның өршуіне, коронавирустың жаңа штаммдарына, вакцинацияның баяу процестеріне және т.б. байланысты. Сонымен қатар, төлем балансының ағымдағы шоты -$7,7 млрд тапшылығымен қалыптасып, ЖІӨ-ге -4%-ды құрайды", - деп түсіндірді сарапшылар.

Сондай-ақ, биылғы орташа айлық атаулы 9,2%-ды құрамақ.

"Brent бағасы $62,3 болған кезде USD/KZT бағамы орташа есеппен 2021 жылы 430,9 деңгейінде қалыптасып, 2020 жылмен салыстырғанда теңгенің 4,3%-ға әлсірегенін көрсетеді. Ал RUB/KZT курсы – 5,7 бірлік. Қазақстанда атаулы ақшалай табыстар 10,2%-ға өседі. Орташа жылдық тұтыну инфляциясы 7,4% деңгейінде қалыптасады", - деп күтеді AERC.

Бұдан басқа, талдаушылар өндірістік сектордағы экономикалық белсенділіктің тез қалпына келуі аясында өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индексінің жылдық мәнде 32,6%-ға күшті өсуін болжайды. Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға арналған шығыстары небәрі 3,1%-ға, негізгі капиталдың жалпы жинақталуы 4,3%-ға артады.

Қазақстанда нақты экспорт көлемінің өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болжануда. Ішкі өндіріс өсімінің ұлғаюымен және энергия ресурстарының, атап айтқанда мұнай мен газ конденсатының экспортымен түсіндіріледі.

"Нақты импорт көлемі 1,5%-ға өседі, бірақ дағдарысқа дейінгі кезеңдегі өсімнен төмен болады. Импорттық тауарларға сұраныстың қысқаруы негізінен теңгенің долларға қатысты болжамды құнсыздануы есебінен, отандық тауарларға қатысты импорттық тауарлардың қымбаттауы салдарынан және жалпы халықтың нақты ақшалай табыстары өсуінің төмен қарқыны себеп болып отыр", - деп түсіндірді AERC-те.

Макроэкономикалық шолу нәтижесі бойынша, үй шаруашылықтары тарапынан тұтынушылық сұранысты, фирмалардың инвестициялық сұранысын біртіндеп қалпына келтіру, жоғары мемлекеттік шығыстарды сақтау және басқалары аясында 2021 жылы Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің 4,3%-ға өсуі күтілетіні көрсетілген.

"Өңдеу өнеркәсібі 5,7%-ға, тау-кен өнеркәсібі 2,5%-ға, құрылыс көлемі 11%-ға өседі. Сондай-ақ, AERC ауыл, орман және балық шаруашылығын шығару көлемінің 3,8%-ға өсуін болжайды. Экономикалық қалпына келтірудің негізгі драйверлері өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс болады. 2021 жылға арналған ЖІӨ болжамын ескере отырып, жиынтық сұраныс 3,4% құрады, нақты ЖІӨ қарқынының консенсус болжамы 3,9% жетеді", - деп атап өтті құжатта.

Сонымен бірге, сауда балансы оң болады: тауарлар экспортының тауарлар импортынан асып кетуі $11,1 млрд құрайды.

Сауда балансының профицитін болжау аясында дәстүрлі теріс қызметтер балансы мен бастапқы кірістерді ескере отырып, төлем балансының ағымдағы шотының жалпы сальдосы – $7,7 млрд немесе ЖІӨ-ге 4% (Ұлттық банктің болжамы бойынша ЖІӨ-ге – 8,9%) мөлшерінде теріс болады деп күтілуде.

"AERC жеке табыс салығы түсімдерінің 6%-ға, 900 млрд теңгеге дейін өсуін болжап отыр. Салық салынатын айналымның ұлғаюы салдарынан қосылған құн салығының түсімдері 2,7 трлн теңгеге дейін көтерілмек. Қаржы министрлігінің деректері бойынша, өткен жылы ҚҚС түсімдері 2,5 трлн теңгені құрады. Бұдан басқа, салық салынатын база біртіндеп қалпына келе бастайды, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің 14%-ға, 9,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы күтілуде. Корпоративтік табыс салығының түсімдері номиналды түрде 2,1 трлн теңгені құрайды", - деп қорытындылады макроэкономикалық шолуда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.