Теңге қалай құнсызданды. Инфографика

Теңгенің бүкіл тарихында бірнеше «майлы жылдарды» есепке алмағанда құнсыздану жалғасып отырды

18 ноября 2015 года

Қазақстанның ұлттық валютасы қолданысқа енгеннен бергі 22 жылдың ішінде АҚШ доллары 65 есе қымбаттады. LS теңге тарихында маңызды даталарды еске түсірді.

1993 жылы елде 1$ бағамы небәрі 4,7 теңгеге бағаланды.  Алайда бұл бағам бар болғаны 1,5 айға ғана созылып, 1994 жылдың қаңтарында АҚШ валютасы 8,17 теңгеге дейін қымбаттады.  Қазақстандықтар теңгенің девальвациясы туралы алғаш рет 1999 жылы білді. Ол кезде доллар 88-ден 160 теңгеге күрт нығайды. Тамыз айында валюта бағамы 130 теңгеге дейін төмендеді. Үкімет азаматтарға девальвация жергілікті компанияларды қолдау үшін және Ұлттық банктің бағамды тұрақтандыру шығынын азайту үшін қажет болды деп түсіндірді.

Қазақстанда екінші девальвация 2009 жылы болды. Ол туралы қаңқу сөздер Ұлттық банкке Әнуар Сәйденов жетекшілік жасап тұрғанда-ақ шыққан болатын.  Әйтсе де теңгенің құнсыздануын қадағалаушы мекеменің жаңа басшысы Григорий Марченко жүзеге асырды. 2009 жылдың ақпанында доллар бағамы Қазақстанда 130-дан 170 теңгеге дейін өсті. Кейінірек бұл бағам 150 теңге деңгейіне тұрақтады.

2014 жылдың ақпанында реттеуші бұл жолы Қайрат Келімбетовтің басшылығымен  тағы да теңгені қолдаудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ол кезде айырбас бағамы 1 $ үшін 185-теңгеге дейін өсті. Артынша Ұлттық банк жетекшісі үшінші девальвация елде артығымен жасалғанын түсіндірді.  Дегенмен бұл қор 1,5 жылға ғана жетті. 2015 жылдың 20-тамызында теңгені еркін малтуға жіберді. Дәл осы күні Қазақстан қор биржасының таңғы сауда-саттықта теңге бағамы 1 $ үшін 188-ден 255,26 дейін құлады.

Іскерлік әкімшілік ету докторы Ерлан Ибрагим доллар Ұлттық банктің қай басшысы кезінде барынша нығайғанын санап шықты.

Сонымен, Дәулет Сембай Ұлттық банкке 1994 жылдан 1996 жылға дейін жетекшілік жасады. Ол өз қызметін дағдарыстың әбден шиелініскен кезеңінде қабылдап алды. Бұл уақытта теңге 9 еседей құнсызданды.

Одан кейін бұл мансапқа Ораз Жандосов келді. Ол Ұлттық банкті 1996 жылдың қаңтарынан, 1998 жылдың ақпанына дейін 2 жыл басқарды. Бұл кезеңде теңге тұрақтылығын барынша сақтап, 1 $ үшін  66-дан 76 теңгеге  дейін 16 пайыздай ғана әлсіреді.

Қадыржан Дамитов реттеушінің төртінші басшысы болды. Оның жетекшілігі кезінде  теңге 1 $ үшін 76-дан 141 теңгеге дейін 84 % шамасында құнсызданды.

Григорий Марченко Ұлттық банкті бәрінен ұзақ басқарды. Алғаш рет маңызды қаржылық лауазымға 1999 жылдың қазанында қабылданып, Ұлттық банк жетекшісі креслосында 2004 жылға дейін отырды. 2009 жылы реттеушінің басшылығын тағы да қабылдап алды. 

Әнуар Сәйденов банкті 2009 жылға дейін, 5 жылдам астам уақыт бойы  басқарды. Бұл мезгілде теңгенің нығаюы жалғасып, 139-дан 121-ге дейін 13 пайызға нығайды. Сәйденов жетекшілгінің соңында әлемдік қаржы нарығындағы ахуал өзгерді – барлық жерде қаржылық дағдарыс өршеленіп, теңге айтарлықтай қысымға түсті.

Қайрат Келімбетов маңызды банкті 2 жылдам астам басқарды.  Бұл кезеңде теңге, 1 доллар үшін 153-тен 280-ге дейін   80 пайыздан астам құнсызданды.

Данияр Ақышев – Ұлтық банктің тоғызыншы басшысы. Бір аптаның ішінде теңге 300-дік белгіден асып түсті және 13-қарашада 1 доллар 307,8 теңгеге сатылды.

Ұлттық банк басшылары

Жұмыс мерзімі

Жетекшілігінің басындағы теңге бағамы

Жетекшілігінің соңындағы теңге бағамы

Ай бойынша мерзімі

Курс өзгерісі

Ғалым Байназаров

01.1992 –  12.1993

4.50

7.22

1

160 %

Дәулет Сембай

01.1994 – 01.1996

7.22

66.04

24

915 %

Ораз Жандосов

01.1996 – 02.1998

66.04

76.40

24

116 %

Қадырдан Дамитов

02.1998 – 10.1999

76.04

141.50

21

185 %

Григорий Марченко

10.1999 – 01.2004

141.50

139.50

38

99 %

Әнуар Сәйденов

01.2004 – 03.2009

139.56

121.43

60

87 %

Григория Марченко

01.2009 – 10.2013

121.43

153.62

58

127 %

Қайрат Келімбетов

10.2013 – 11.2015

153.62

279.18

24

182 %

Данияр Ақышев

11.2015

279.18

 

 

 

Е.Ибрагим Ұлттық банк басшысының  маңызды тұлға екеніне назар аударғанымен, бәрібір үкіметтің бір бөлігі болып қалатынына назар аударады. Оның есебі бойынша, ұлттық валютаның ең үлкен құнсыздануы Сергей Терещенконың үкіметі кезінде болып, девальвация – 1 000 %-ды құрады. Барынша тұрақтысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың премьерлігі кезінде болып, девальвация – 7 % болды. Даниал Ахметов премьерлігінде теңгенің ең айтарлықтай нығаюы орын алып, ол 20 % құрады.

ҚР Премьер Министрлері

Жұмыс мерзімі

Бастапқы бағам

Соңғы бағам

Ай бойынша мерзімі

Бағамы өзгерісі

Сергей Терещенко

10 желтоқсан 1991 – 14 қазан 1994

4.50

48.00

11

1067 %

Әкежан Қажыгелдин

14 қазан 1994 – 10 қазан 1997

48.00

75.00

36

156 %

Нұрлан Балғымбаев

10 қазан 1997 – 1 қазан 1999

75.00

141.00

24

188 %

Қасым-Жомарт Тоқаев

1 қазан 1999 – 28 қазан 2002

141.00

151.30

28

107 %

Иманғали Тасмағамбетов

28 қаңтар 2002 – 11 маусым 2003

151.30

149.76

17

99 %

Даниал Ахметов

11 маусым 2003 – 8 қаңтар 2008

149.76

120.72

54

81 %

Кәрім Мәсімов

8 қаңтар 2008 – 24 қыркүйек 2012

120.72

150.05

57

124 %

Серік Ахметов

24 қыркүйек 2012 – 2 сәуір 2014

150.05

182.07

19

121 %

Кәрім Мәсімов

2 сәуәір 2014

182.07

310

 

170 %

Тәуелсіз сарапшы Александр Юрин  теңгенің бүкіл тарихында  бірнеше "майлы жылдарды" есепке алмағанда құнсыздану жалғасып отырғанын атап өтті.

"1993 жыл теңге енгізілгеннен кейін оның бағамының  сол кездегі жағымсыз макроэкономикалық факторлардың күшімен құлдырауы күтілген жағдай болды. Өзге девальвациялар қандай да бір деңгейде күтілмеген және экономикалық шоктардан орын алды. Ағымдағы экономиканың  құрылымы теңге тек Ұлттық банктің белсенді саясатының жеткіліктігі жағдайында ғана тұрақты бола алады. Егер реттеуші ұлттық валютаны тұрақтандырудан бас тартатын болса оның бағамы құбылмалы болып қала береді",  – дейді ол.

Ерлан Ибрагимнің сөзіне қарағанда, резервтік валютаға ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың  іргелі себептері жоқ. Оның бағалауынша, құбылмалық 2016 жылы да жалғасады.

"Теңгенің әлсіреуі жалғасады және жыл соңына қарай бағамы 300 емес 320 теңге болады. Бұл халықаралық қаржы нарығындағы жағдай орнықты болған жағдайда ғана. Мұнда бәрі өте қарапайым емес. Мұнайдың арзандауы жалғасауда, оның артынан ресей рублінің бағамы да әлсіреуде",   – дейді ол.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.