Түркістан облысында мұнай табылды

Сол учаскелердегі барлау жəне бұрғылау жалғастырылады

19 ноября 2019 года
    

Қазақстанның оңтүстігінде боксит кенін іздеу кезінде Түркістан облысында мұнай табылды деп LS хабарлайды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министірілігі хабарлама бойынша, Шоқпақ учаскесінде полеозой дəуіріндегі жыныстан, Үлкен Қаратау тауаралық ойысында алғаш рет таяу тереңдікте орналасқан мұнай білінген.

"Іздеу-түсіру экспедициясы Үлкен Қаратау Леонтьев ойысындағы геофизикалық ауытқуларға боксит кені жəне онымен байланысты қорғасын, мырыш жəне сирек жерлерді табу үшін зерттеу жүргізді. Осы мақсатта 300 м дейінгі тереңдіктегі ұңғыма бұрғыланды. Бұрғыланған түрлі тереңдіктегі 39 ұңғыманың 11 қоңыр түсті түрлі реңктегі сұйық-тамшылы мұнай табылды. Сондай-ақ бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінде мұнай қабықшасының шығарылуы жəне осы бұрғылау ерітіндісінің газдануы байқалды",- ведомство аттап өтті.

Ақпарат бойынша, Шоқпақ учаскесінде мұнайдың білінуі Қазақстанның таулы жерінде алғаш рет орын алып отыр жəне Сырдария мен Шу-Сарысу ойысындағы мұнайгаздылықты болжауда маңызды мəнге ие.

"Бұдан бұрын Шу-Сарысу ойысында бірнеше ұсақ газ кенорны ашылған болатын. Оның едəуір танымалдары Амангелді жəне Придорожный кен орны. Енді Сырдария жəне Шу-Сарысу ойысы мұнай іздеудің келешегіне жол ашып отыр", - министрлікте хабарлады. Ведомство учаскелердегі барлау жəне бұрғылау жалғастырылатынын атап өтті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.