Түрік инвесторлары Түркістан облысына миллиардтаған қаржы құймақ

Жобаларды іске қосу осы жылға жоспарланған

6 августа 2021 года
    

Түркиядан келген инвесторлар Түркістан облысында миллиардтаған қаражатқа екі өндіріс ашуға көмектеспек. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Өңірде екі жобаны іске асыру 2020 жылы басталды. Оның жалпы құны-4 млрд теңге. Әкімдіктің мәліметінше, екі өндірістің ашылуы осы жылдың соңына дейін күтілуде. Инвесторлар-Түркиялық компаниялар. Мәселен, облыста 2 млрд теңгеге тазартылған май өндірісі іске қосылады. Қазіргі уақытта жабдықтарды монтаждау жүргізілуде.

Тағы бір кәсіпорын жөргектер мен ылғалды сулықтар шығаратын болады. Инвестиция көлемі-2 млрд теңге. Түркиядан жабдықтар әкелінгені, жоба іске асырылу сатысында тұрғаны атап өтілді. Екі өндірістік қуаттылықтың ашылуы 151 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, өңірлік әкімдікте бұған дейін LS-ке хабарлағандай, Түркістан облысында шетелдік инвестициялармен 48,5 млрд теңгеге жасыл жобалар ашылуы мүмкін. Мысалы, күн электр станцияларын биыл Кентау, Отырар және Мақтаарал аудандарында іске қосу жоспарланған болатын. Инвестицияның жалпы көлемі 48,5 млрд теңгені құрап отыр.

Бұған дейін LS өңірде жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын алты жоба іске қосылатыны туралы жазған болатын. 2021 жылдың І жартыжылдығында 3,3 млрд теңгенің төрт нысаны ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде 164 млрд теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.