Төлем балансын реттейтін жаңа экономикалық саясат керек – сарапшы

18 августа 2023 года

Қазақстан экономикалық ауруға шалдыққан. Осындай пікірмен экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков Sana Business Forum барысында бөлісті деп, хабарлайды LS.

"Шағын орта бизнес, яғни жеке сектор араласатын, жұмыс істейтін секторға мемлекет араласпау керек", – деді экономист.

Оның сөзінше, екі жыл бұрын тек кана "Самұрық-Қазына" холдингі 321 экономикалық секцияға араласып жұмыс істеді.

"Демек мемлекет экономиканың 321 секторына отырып алған. Мысалы, ірі бизнеске, кен орнына, мұнай-газ секторына, қорғаныс өнеркәсібіне біздің бизнесмендер кіре ала ма? Бара алмайды, себебі олар жабық тұр", – деді Арыстанбеков.

Сонымен қатар, экономист ішкі жалпы өнімді тұншықтырып жатқан 14 блок бар екендігі туралы айтты.

Оның сөзінше, экономика сол шеңберде байланып қалды және үкімет бұл мәселені шеше алмай келеді.

"Есімде, бала кезімде менiң әжелерім көрпе жамап тігіп отыратын. Мен мұны неге айтып отырмын. Енді біздің экономикаға келсек, үкімет пен экономика саясатының төлем балансында төрт жыртық бар. Оны жамауға біздің қауқарымыз жетпей тұр. Бизнестің мәселесі осында жатыр. Бірінші жыртық ол табыстар тепе-теңдігінде біз жылына $20 млрд ұтылып жатырмыз. Олар шетелге кетуде.  Екінші – қызмет көрсету балансынан шамамен $5-7 млрд тағы ұтылып жатырмыз. Үшінші – осы екі агрегаттық есепшотты жинақтайтын ағымдағы есепшот бойынша тағы дефицитке кетіп бара жатырмыз. Төртінші жыртық – қателер деген бап бар, сол бойынша соңғы 10 жылда $3-7 млрд тағы ұтылып келдік", – дейді Арыстанбеков.

Сарапшының пікірінше, төлем балансының кем-кетiгiн туралайтын жаңа экономикалық саясат керек.

"Қазақстанда 2013-2015 жылдары экономикалық саясат жүргізінде біз дұрыс емес бағытқа кетіп қалдық, сөйтіп елге қазақ экономикалық ауруын алып келдік. Бұл ауру табысы жоқ кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу және жекешелендіру бағдарламаларына енгізу", – деп түсіндірді экономист.

Оның мәліметінше, сол жылдары төрт кәсіпорынды, ішінде екеуі – ірі және тағы басқаларын мемлекет өз меншігіне алды.

"Сол төрт кәсіпорынды мемлекетке алу үшін Ұлтық қор бюджетінен 550 млрд алынды. Бір кәсіпорынның шығыны 30 млрд құрады. Екі жылдан кейін аталмыш кәсіпорындар жекешелендіру жоспарына кіріп кетті", – деді Арыстанбеков.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.