Сингапурлық компания Қазақстандағы зауытты жаңғыртпақ

25 апреля 2022 года

Шығыс Қазақстан облысында биыл үш жоба іске қосылады. Екі өндіріс салынып,біреуі жаңғыртылады, деп хабарлайды LS.

Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, өнеркәсіп нысандарын ашу есебінен 720-дан астам адам жұмыспен қамтылады. Осы үш кәсіпорынды іске асыруға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 48,3 млрд теңгені құрайды.

Атап айтқанда, сингапурлық компания Жарма ауданында қуаттылығы жылына 1,2 млн тонна өнімді құрайтын цемент зауытын қалпына келтіріп, жаңғыртпақ. Жоба 6,8 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ақпаратқа сәйкес, технологиялық жабдықтың жай-күйіне сараптама жүргізіледі және бағаланады. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар қайта ресімделеді. Кәсіпорын осы жылдың соңына дейін iске қосылады деп күтілуде.

Өңірде өнімділігі тәулігіне 1 мың тоннаға дейін автоматтандырылған мультимәдениетті май экстракциялық зауыт іске қосылады. Қазақстандық инвестор жобаны іске асыруға 28,78 млрд теңге салады. Зауыт үшін негізгі технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде. Кәсіпорын күнбағыс, рапс, соя, зығыр, мақсары, жүгері майларын шығаруға ниетті. Жобаның қуаттылығы жылына 300 мың тонна өнімді құрайды.

Тағы бір қазақстандық компания 12,74 млрд теңгеге май экстракциялық зауытының құрылысына кірісті. Тәулігіне 500 тонна күнбағыс тұқымы мен 400 тонна рапс өңдеу жоспарланған. Кәсіпорында жылына 75 мың тоннаға дейін өсімдік майы және 64 мың тонна шрот шығарыланады. Шикізат Бородулиха, Шемонаиха, Глубокое, Зырян, Самар және Ұлан аудандарынан жеткізілетін болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.