Шымкентте жаңа зауыттар ашылады

2 февраля 2022 года
    

Шымкентте құрылыс материалдарын шығаратын жеті кәсіпорын салынады. Бұл туралы LS-ке қала әкімдігінде хабарлады.

Мегаполисте биылғы жылы құрылыс индустриясында 25,2 млрд теңгеге жеті жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ақпаратқа сәйкес, қалада санфаянс пен ірі және шағын габаритті керамикалық плиткалар өндірісі жолға қойылады. Жоба 13 млрд теңгеге бағаланып отыр. Мұнда жылына 12 млн шаршы метр құрылыс материалдары өндіріліп, 200 жұмыс орны ашылмақ.

5 млрд теңгеге табақ шыныдан жасалған шыны конструкцияларды өңдеу және өндіру зауыты iске қосылмақ. Онда 100 адам жұмысқа орналасады. Қуаттылығы – жылына 800 мың шаршы метр. Қалада 2,9 млрд теңгеге үй құрылысы комбинаты іске қосылады. Мұнда 100 мың шаршы метр темір бетоннан бұйымдар шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорында 75 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, 1,7 млрд теңгеге газ блоктарын шығаратын зауыт салынып, пайдалануға беріледі. Оның қуаттылығы – жылына 300 мың текше метр. Соңын есебінен 67 қазақстандық жұмыспен қамтылады.

"Жұлдыз" индустриялық аймағында ПВХ-дан ішкі және сыртқы кәріз жүйелері мен үйлерге арналған нөсерлі суағарлар жүйесі өндірісі пайда болады. Бұл жобаның құны 1,5 млрд теңге. Оның қуаттылығы жылына 150 мың тонна өнімді құрайды. 100 жұмыс орнын құрылады. Мұнда 500 млн теңгеге темір-бетон көпір және жол конструкцияларын шығаратын зауыт іске қосылады. Қуаттылығы- жылына 1 мың өнім. Сондай-ақ, полипропиленнен, поливинилхлоридтен, термоэлестопласттан 500 млн теңгеге 1 млн дана бұйым шығару жобасы жолға қойылмақ. Оларды іске қосу есебінен 100 жұмыс орны құрылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.