Шенеуніктер кірістері мен мүлкi туралы қалай есеп береді

Декларацияны қайта тапсырмағаны үшін 15 АЕК айыппұл салынады

28 февраля 2022 года

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлермен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ, олардың жұбайлары осы жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруы тиіс, деп хабарлайды LS.

Қазақстандықтардың бұл санаты өткен жылы активтер мен міндеттемелер туралы нысанды тапсыра отырып, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енді. Ағымдағы жылдан бастап және одан кейінгі жылдары олар кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуы керек (270.00 нысан).

Мемлекеттік кірістер комитеті бейінді басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Төлегенов есепте салық кезеңінде алынған кірістерді, салық шегерімдерін, бағалы қағаздарды, шетелдік банктердегі ақшаны, мүлікті сатып алуды немесе иеліктен шығаруды, дебиторлық/кредиторлық берешекті, Қазақстаннан тыс жерлердегі мүлікті көрсету қажет екенін хабарлады.

Бұдан басқа, осы декларацияда мүлікті: жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, бағалы қағаздарды, инвестициялық алтынды, тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін және заңды тұлғаның жарғылық капиталын сатып алудың көздерін көрсету қажет.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі осы декларациядан жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу жүргізіліп жатқанын айтты. Ал жеке тұлғаның жылдық табысына енгізілетін тармақтар тізімімен Салық кодексінің 321-бабында танысуға болады.

Төлем көзінен алынған кірістерден басқа- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және т.б. – жеке тұлғаның өз бетінше салық салуы керек соманы да көрсету керек.

Оларға Қазақстанда мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен, елден тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті сатудан, жеке тұлғаның мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезіндегі құн өсімінен және т.б. кіріс кіреді (Басқа тармақтармен Салық кодексінің 36-тарауының 2-параграфында танысуға болады).

Бұл ретте салық салынбайтын табыстардың тізіміне балаларға және асырауындағыларға алынған алименттер, жеке тұлғаларға олардың салымдары (депозиттері), бағалы қағаздар, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және т. б. кіреді.

Сонымен қатар, мүлікті сату кезінде сатушы/сатып алушының мәліметтерін көрсету қажет. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілі ерекше жағдайды мысал ретінде келтірді:декларацияны тапсыруға міндетті адам автокөлікті 2021 жылы сатқан, бірақ сатып алушының аты-жөні мен ЖСН-ін есіне түсірмеген. Төлегеновтің айтуынша, нысанды ЖСН көрсетпей тапсыруға болады, алайда барлық мәліметтерді көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет.

"Осы құжаттардың барлығын өз мұрағатында біраз уақыт сақтайтын уәкілетті органдар бар. Егер бүгінгі таңда ЖСН табылмаса, болашақта ЖСН тапқан кезде декларацияны түзету мүмкіндігі бар. Талап қою мерзімі шегінде әрқашан қосымша декларация тапсыруға болады", - деді Төлегенов.

Декларацияны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жауапкершілігіне келетін болсақ, бұзушылық үшін бірінші рет ескерту болады. Қайталама айыппұл – 15 АЕК (2022 жылы 45 945 теңге).

Ал декларациядағы деректер дұрыс көрсетілмеген жағдайда, ескерту жасау немесе қайталап бұзушылық орын алған жағдайда 3 АЕК (2022 жылы 9189 теңге) қарастырылған, бірақ бұл салық есептеу пайда болмаған жағдайда ғана.

"Егер салықты есептеу және декларацияны тапсырмау нәтижесінде залал сомасы 20 мың АЕК-тен асқан жағдайда (2022 жылы 61 260 000 теңге), онда бізде қылмыстық жауапкершілік туындайды", - деп түсіндірді Төлегенов.

Ол декларацияны салық төлеушінің кабинетінде, egov порталы, eSalyq Azamat қосымшасы және мемлекеттік кірістер комитетінің салық есептілігін өңдеудің ақпараттық жүйесі арқылы тапсыруға болатындығын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары кіреді. 2024 жылы – заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкер басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, ал 2025 жылдан бастап – қалған барлық санаттар.

Жүйеге кірген кезде адамдар бірінші жылы активтері мен міндеттемелері туралы, ал келесі жылдан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруға тиіс.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.