Росавиация Эйр Астананың Моңғолияға жаңа рейсін болдырмауы мүмкін

Әуе қатынасы туралы екі ел арасындағы келісімге сәйкес, тасымалдаушылар территорияның басқа жағының үстінен ұшуға құқығы бар.

29 марта 2016 года

Ресейдің әуе көлігі федералдық агенттігі (Росавиация) өзінің әуе кеңістігі арқылы ұшуға Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысына тегін рұқсат беруден бас тартуда. "Эйр Астана" компаниясының LS-ке берген түсіндірмесі бойынша бұл шешім негізсіз болып табылады.

Ұлттық тасымалдаушының ақпараты бойынша, екі апта бұрын қазақстандық әуе билігі ресейлік әріптестерімен  РФ аумағымен ұшып рұқсат беру мәселесі бойынша келіссөздер өткізген. Компания Астанадан Ұланбатырға жаңа әуе рейсін  2016 жылдың 27 наурызында іске қосуды жоспарлап отыр. Әңгіме көрші елдің 300 шақырымдық әуе кеңістігі туралы болып отыр.

"Бұл аталмыш рейсті орындауға қауіп төндіреді. Қолданыстағы екі ел арасындағы әуе қатынасы келісімі бойынша  екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары үшінші елдердегі бекітілген жерге басқа тараптың аумағы бойынша  (бұл жағдайда Ресей)  қонбастан ұшуға құқығы бар. Сонымен қатар, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының белгілеуі бойынша, Қазақстаннан Моңғолия, Қытай, Оңтүстік Кореяға ұшуды орындауда   әуе трассалары, Трансібір бағыттары жүйесіне    (ТСМ) жатпайды",  – деп түсіндірді компанияның LS-ке.  

"Эйр Астана" Ресей жағы 300 шақырымдық осы ұшуды  ТСМ-ге жатқызып  бұл үшін роялти төлеуді талап етіп отыр деп хабарлады.

"Бірақ біздің жағдайда рояти классикалық анықтамасына сай емес. Мұнда еуропалық және азиялық тасымалдаушылармен салыстырғанда отын және операциялық шығындарды айтарлықтай үнемдеу жоқ",  –  дейді компания.

Ұлттық тасымалдаушының түсіндірмесінде қазақстандық тарап ҚР аумағы арқылы  ресейлік әуетасымалдаушылардың үшінші елдерге ұшуына ешқандай шектеу қойып отырған жоқ. Соның ішінде трансазиялық бағыттар бойынша.

"Эйр Астанадан" белгілі болғандай, ресейлік әуе компаниялары ҚР аумағы арқылы қазақстандық әуекомпанияларының РФ аумағы арқылы ұшуына қарағанда 30 есе көп ұшулар жасайды. Яғни, аптасына 640-тан астам рейс.

"Сонымен қатар, қазақстандық тарап достық пен ынтымақтастықты мүдделерін басшылыққа алып 2015 жылдың қазанында өтініш алғаннан кейін қарастырылған заңды рәсімсіз бір тәуліктің ішінде ешқандай шарт пен талапсыз "Аэрофлот" орнына "Трансаэроны" ресейлік әуекомпаниясы деп тағайындауға рұқсат беріп, шешім қабылдады. Қазақстандық әуе компанияларының РФ әуе билігінен рұқсат алуы үшін кемінде 45 күн кететіне қарамастан",  – дейді "Эйр Астана".

Алайда, ұлттық тасымалдаушының деректері бойынша, Ресей тарапы роялти төлеуге немесе ресейлік тасымалдаушыға отырғызу орнын беру үшін "Аэрофлотпен" коммерциялық келісім жасатуға көндіруге күш салуда. Атап айтқанда, Мәскеу-Астана және Мәскеу-Алматы бағыттары бойынша екінші ресейлік тасымалдаушыны тағайындауға және рейстер жиілігін көбейтуге  қосымша коммерциялық құқықтар беруге.   Сонымен бірге "Аэрофлот" Транссібір ұшулары үшін алынатын роялти есебінен  демпинг жүргізуде.

"Теңсіз мәндегі айырбас нұсқалары екені анық. 300 шақырымдық ұшу техникалық мәселе болып табылады және Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы әуе қатьынасы туралы келісімге сәйкес екіжақты тәртіппен шешілуі тиіс",  – деп түсіндірді "Эйр Астана". Ақпаратқа сәйкес, қосымша коммерциялық құқықтар туралы мәселе нарықты бейтараптандыру саласына қатысты Еуразиялық экономикалық кеңістік туралы келісіммен анықталады. Ал талап, тәртіп және кезеңдік бейтараптандыру – халықаралық келісімдермен.

"Сондықтан  осы екі мәселені  ажырату қажет. Ресей жағының ұстанымы қазақстандық тасымалдаушыларды кемсітеді. Өйткені 300 шақырымдық ұшу оны еуропалық және азиялық тасымалдаушылармен салыстырғанда теңсіз жағдайда қалдырады. РФ мен ЕО сияқты шетел мемлекеттерінің ТСМ  бойынша шамамен 7000 шақырымдай аралықтағы  аспанды ашу туралы "Аэрофлотпен" коммерциялық келісімі бойынша қосымша талаптарсыз ұшуға қолжетімділігі бар",  – деп түсіндірді "Эйр Астана".

Сонымен бірге компания бұл әуе рейсінен бас тарту Моңғолиядан Еуропаға жолаушылар тасқынын сы , бәлкім , істен Еуропаға Моңғолиядан транзиттік жолаушылар тасқынын қайта бөлуді тоқтату, яғни Моңғолия бағыттары бойынша бәсекелестікті жою мақсатында да мәжбүрленуі мүмкін деп санайды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.