Ресейдің оқу орындарында қазақстандық талапкерлер саны екі есе өсті

ТМД елдерінің арасында Қазақстан Ресейде оқитын студенттер саны жөнінен көш бастап тұр

12 сентября 2017 года

Қазақстандық түлектер 2017-2018 оқу жылында ресейлік жоғары оқу орындарына 3 мыңнан астам өтініш берген. Бұл өткен жылдың салыстырғанда екі есе көп деп хабарлайды LS.  

LS-тің сұраныс хатына жауап берген ТМД жөніндегі федералды агенттіктің мәлімдесі бойынша, 2016 жылы талапкерлерден 1610 өтініш түскен. 

Қазақстандықтар ең көп өтініш берген оқу орындарының ішінде Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (723 өтініш), Ресей халықтар достығы университеті (420), Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті (342) және Қазан (Приволжск) федералды университеті (246). Ал талапкерлер ең көп қызығушылық танытқан мамандықтар қатарында емдеу ісі (153 өтініш), экономика (104), менеджмент (77), лингвистика (55), заң (50), халықаралық қатынастар (48) бар.

Бұл жылы Қазақстаннан келген талапкерлерге 437 квота қарастырылған.

"Қазіргі уақытта Ресей тарапы қазақстандық студенттерге қосымша 15 адамға (сонда жалпы 452) квота беру мәселесін қарастырып жатыр", - деді агенттік.

РФ Білім министрлігіне қарасты әлеуметтік зерттеулер орталығының директоры Александр Арефьев "Қазақстан Ресейде оқитын студенттер саны жөнінен ТМД бойынша бірінші орында" дейді. Айтуынша, талапкерлердің көптеп келе бастауына 2014 жылы рубльдің құнсыздануы себеп болған.

Одан бөлек, Қазақстан білім және ғылым министрлігінің LS-ке берген жауабына сүйенсек,  2016 жылы 1522 азамат мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бюджет қаржысынан тыс қолдау бойынша шетелде оқып келген. Ал өткен жылы 951 студент бюджет есебінен шетелде университетте білім алған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.