Несиелер мен депозиттер бойынша банктер қандай мөлшерлемелер ұсынады

Сарапшы мөлшерлемелердің айтарлықтай өзгеруін күтпейді

25 марта 2021 года

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) LS-ке қаржы нарығындағы несиелер мен депозиттер бойынша мөлшерлемелер қаншалықты өзгергенін айтып берді.

ҚҚҚ талдаушысы Рамазан Досов 2021 жылдың 1 ақпанына бөлшек несиелер бойынша орташа алынған теңгелік мөлшерлемелер 18,5%, корпоративтік несиелер бойынша – 11,5% құрағанын атап өтті. Сонымен қатар жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер 9,4%-ға, заңды тұлғалар бойынша – 7,2%-ға жетті.

Сарапшының айтуынша, шағын ауытқулар негізінен базалық мөлшерлеменің тиісті өзгерістерімен түсіндіріледі: 2020 жылғы ақпан айының басымен салыстырғанда ол 9%-ға дейін төмендеді.

"ҚҚҚ Наурыз сауалнамасының қорытындысы бойынша қаржы нарығының сарапшылары алдағы 12 айда базалық мөлшерлеменің айтарлықтай өзгерістерін күтпейді. Орташа болжам 9% құрайды. Тиісінше, несиелер мен депозиттер бойынша да мөлшерлемелердің елеулі өзгерістерге ұшырауы күтілмейді",- деп нақтылады Досов.

Ол сондай-ақ, Қазақстанда соңғы 12 ай ішінде жылдық инфляция 4-6% (ақпанда – 7,4%) дәлізінен тыс тұрақты екенін көрсетті.

"Инфляцияның өсуі қысқа мерзімді сипатқа ие емес және оны нысаналы дәлізге қайтару үшін фискалдық және монетарлық биліктің үйлесімді іс-қимылы қажет. Тиісінше, елдегі инфляциялық процестер нысаналы дәлізден тыс болғанша, нарықтағы мөлшерлемелер кем дегенде төмендемейді деп күтуге болады. Сондай-ақ қарыздар бойынша мөлшерлемелер деңгейіне қарыз алушының несиелік тәуекелі де әсер ететінін атап өту керек. Оны одан әрі төмендету үшін нақты сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру жұмыстарын жеделдетіп, халықтың нақты ақшалай кірістерін жақсарту жөніндегі жұмыстарын жүргізу қажет", – деп атап өтті ҚҚҚ талдаушысы.

Досовтың пікірінше, төмен және тұрақты инфляция мөлшерлемелерді төмендетудің негізгі факторы болып табылады. Олсыз экономикалық өсудің тұрақты қарқыны үшін ұзақ мерзімді оңтайлы пайыздық мөлшерлемелер болмайды.

Бұған дейін LS Қазақстанда кімдерге көбірек несие берілетіні туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.