Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасы үшін қаржы бөлуге уәде берді

Мемлекет басшысы қаржылық қолдаудың қандай бағыттарға жұмсалатынын айтты

2 сентября 2016 года

Қазақстан экономикасына айтарлықтай қаржы құйылады. Бұл туралы бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды LS. Мемлекет басшысы қыркүйектің алғашқы онкүндігіндегі үкіметтің кеңейтілген отырысында жұмыспен қамтуды қолдау мен халықтың кірісін көтерудің жаңа шараларын ұсынатынын айтты. Президенттің сөзіне қарағанда бұл экономиканың тыныс алуы мен дамуына және банктердің жергілікті жерлерде несиелеуді бастауы" үшін жасалады. 

Назарбаев сөз қандай суммада болып жатқанын нақтыламады, бірақ "бізде жинақталған немесе үнемделген және аз емес көлемдегі қаражат бар екенін" атап өтті. Егер қаржыландырудың басым бағыттарына келсек, бұл ең алдымен өңдеу және экспортқа бағытталған кәсіпорындар сияқты.  

"Қазақстанның шикізаттық өнімдердің әлемдік бағасының құбылмалығына тәуелділігін азайтуды жалғастыру қажет. Міне біз қазір оны сезіндік, мен ол туралы әрдайым айтып жүрдім. Мұнай, металл бағасы түсті және біздің кірісіміз 40 %-ға қысқарды. Сондықтан біздің басымдықтар шикізаттық емес өнім өндіретін және экспортқа жұмыс жасайтын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау болып табылады", – деді елбасы.

Мәжіліс депутаты Мейрам Пшембаев бұл сөздерге түсіндірме жасай отырып, өңдеу кәсіпорындарын дамытуға мемлекеттен салынған әрбір теңге жеке салымды бес еселенген көлемде тартатынын еске салды. Ал оның тапшылығын соңғы кезде  нақты сектордың өкілдері де сезінуде. Шындығында да, Машинажасау одағының бұрынғы басшысының айтуынша, әлемдік дағдарыс салдарынан мемлекет өндірісшілерді қолдаудың бірден-бір тетігі боп қалды. Әйтсе де өте мықты тетікпен.

"Бізде мемлекеттік қолдаудың механизмдері қарастырылған. Экспортты субсидиялау, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кадрларды дайындау, инновациялық жобаларды гранттық қолдау. Яғни жүйе нақты жұмыс істейді. Кез келген қазақстандық кәсіпкер даму институттарына барып, өз жобасын ұсына алады. Егер жоба сәтті болса, экспортқа бағытталса ол қолдау табады",  –  деді Пшембаев.

Назарбаев экспорттық өндірісті дамытудың қажеттігі туралы айтып, Польшаны мысалға келтірді. Онда шағын және орта бизнес секторы ЖІӨ 67 %-ға дейін қамтамасыз етеді, сонымен бірге  кез келген өнім сыртқы нарыққа бағытталған. Сондай-ақ Президент Қазақстандағы мемлекеттік құрылымның шығыс-еуропалық елдерден біршама айырмашылығы барын да мойындады. Сол себепті де оның мемлекеттік бюджеттің игерілмеуі тақырыбын қозғауына тұра келген сияқты.

"Бюджет жасалып жатқанда ақша сұрап келеді, көрсетеді – пысықталмаған. Аяғында игерілмейді (ақша-ред.LS). Үкімет бұған әлсіз қарайды. Егер игерілмесе, егер дайын болмаса, егер жоба болмаса, не үшін ақша беріледі? Бұған кім дайын, соған беру керек. Игеріледі және бұдан қайыр бар. Бөлінген қаражат экономиканың дамуына, жұмыспен қамтуға, халықтың әл-аухатын жақсартуға жұмыс істеуі керек", – дегенді атап өтті Назарбаев.

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мемлекет басшысының бюджет қаржысын игеру мәселесін қатаң бақылаудың қажеттігі туралы көзқарасымен келіседі. Оның пайымдауынша, барлық деңгейдегі бақылауды қатайту үшін бірқатар заңнамаларға түзетулер енгізудің уақыты келді. Қандай жағдайда болса да ол мұндай өзгерістерге дауыс беруге дайын.

"Меніңше, Есеп комитетінің уәкілеттігін қарап, оған қосымша өкілеттіктер беру қажет. Ол бұзушылық болса тек белгілеп қана қоймай, үкіметке ұсыныс беруін және ақшаның игерілуін белгілеу үшін қандай да бір өзгеріс жасауы керек",  – дейді бұрынғы әдәлет министрі.

Президент ауыл шаруашылығына да назар аударды. Үкімет Парламентке жеке заң жобасын кіргізетінін атап өтті. Ол "ауыл шаруашылығына арналған жерді ұсыну прцедураларын жетілдіру мен оны тиімді пайдалануды бақылауды күшейтуі" тиіс.

"Шынында да біз бір қолға жүздеген мың гектарды бірден беруге болмайтынын ескермедік. Мұндай жағдай әлемде еш жерде жоқ. Ал біз жұмысымыздың алғашқы күнінен бұл бағытта бәріне жол бердік. Жер үшін алған адам жауап беруі керек. Жер  ауылшаруашылық тәжірибесі бар, фермер болып жұмыс істей алатын және білім мен тәжірибесі барларға беріледі. Бізде кім көрінген алды және қазір жерді прокуратура, сот арқылы мемлекетке қайтарып жатырмыз. Өйткені  осы жылдары бұл жерді қурай басып, тіпті көршілерге зиян келтіруде", – деді мемлекет басшысы.

Назарбаев жалпы әлемдік экономикалық ахуал қиын жағдайда қалып отырғанын жетккізді: халықаралық сауда әлсіреді, инвестиция ағымының  көлемі азайды. Соның салдарынан мемлекеттің кейбір жобалар мен бағдарламаларды қайта қарауына тұра келді. Дегенмен, Президент 3 жылдық кезеңдегі республикалық бюджетте кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер шығынының көлемі сақталуы тиістігін атап өтті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.