Нұр-Сұлтан қаласында сусымалы азық-түлік сатылымына бірқатар шектеулер қойылды

Барлық сусымалы тауарлар буып-түйілген түрде сатылуы тиіс

19 марта 2020 года

Нұр-Сұлтанда қант, күріш және қарақұмық тек бес килограммнан ғана бір қолға сатылады, деп хабарлайды LS.

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаевтың айтуынша, ірі сауда орындары жабық, оларда азық-түлік пен қажетті заттарды сататын объектілерден басқа, дәріханалар, банктердің кассалары – олар әдеттегідей жұмыс істейді.

"Сауда мекемелері бір қолмен сусымалы тауарларды (қант, күріш, қарақұмық) сатуды өнімнің әр түрінен бес кг-ға дейін, күнбағыс майы – бес литрге дейін шектеуі керек. Сонымен қатар, барлық азық-түлік өнімдерін, оның ішінде сусымалы тауарлар мен кептірілген жемістерді орауышта сатуды қамтамасыз ету қажет, көкөністер мен жемістерден басқа. Сатып алушылар арасында бір метр қашықтықтың сақталуын қамтамасыз еткен жөн", - деді ол.

Сондай-ақ, Бекмырзаевтың айтуынша, барлық сауда нысандары штаттық режимде үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз етіп, санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтулері керек (тепловизорларды пайдалану, маскалардың болуы, санитайзерлерді орнату).

"Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен бірінші кезекте қажетті тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуі тиіс. Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар) да жабылатын болады. Бұл ретте олар онлайн тапсырыс және жеткізу бойынша жұмыс істей алады. Елорда бизнесінің қалған барлық нысандары карантин кезеңінде тоқтатылуы тиіс", - деп нақтылады ол.

Әкімдік өкілі бұл амалсыз шара екенін айтып, тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырды. Ол сондай-ақ журналистердің әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын белгілеу жоспарланғаны туралы сұрағына жауап берді .

"Иә, кеше ғана бұл мәселе министрлікпен бірге талқыланды. Алдағы күндері әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға белгілеу туралы шешім қабылданады", - деп түйіндеді Бекмырзаев.

Естеріңізге салсақ, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындаа коронавирусқа байланысты карантин енгізілген болатын. Үкімет сауда нүктелеріне жаңа ережелер орнатты. Сондай-ақ, Mega сауда-ойын-сауық орталықтары карантин кезінде ай сайын 1,5 млрд теңгеден жоғалтатыны белгілі болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.