Моноқалаларға миллиардтаған қаражат құйылады

2 апреля 2024 года

Қазақстанда моноқалалардың инфрақұрылымына 62,8 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды LS.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, моноқалаларға жыл сайын орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері тарапынан инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлінеді.

"2024 жылы бұл мақсаттарға 62,8 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 31,2 млрд теңге. Мәселен, 2019-2023 жылдар аралығында 348,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 184 млрд теңге", - деді ол.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Ақтөбе, Қарағанды және Атырау облыстарының әкімдіктері Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсары моноқалаларында өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру бойынша жұмыс жүргізуде.

"Әкімдіктер бұл жұмысты жеделдетуі қажет. Министрлік мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруды, моноқалалардағы ШОБ қолдау бағдарламаларын жыл сайын ұлғайту, сондай-ақ, офтейк-келісімшарттар жасасу жүйесін пысықтайтын болады. Техногендік-минералдық түзілімдерді қайта өңдеу, моноқалалардың бос тұрған объектілерінде шағын өнеркәсіптік аймақтар құру, моноқалалардың айналасында "зәкірлік" жобалар мен геологиялық барлау жұмыстары бойынша мәселелер басты назарда", - деді Байбазаров.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда ШОБ дамыту аясында моноқалалардың кәсіпкерлеріне 30 млрд теңгеге 3,9 мың микронесие, қарыздар бойынша 33,5 млрд теңгеге кепілдіктер берілді, 122,5 млрд теңгеге 1,4 мың жоба субсидияланды, 428 млн теңгеге 107 грант берілді.

Өз кезегінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Екібастұзда индустриялық аймақ құру үшін 100 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланғанын айтты.

"Металлургия саласын дамыту негізгі серіктес ретінде Mineral Product тарта отырып, индустриялық аймақ құру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Құрылыс кезеңінде 800 жұмыс орны құрылады, пайдалану кезеңінде – 4 мың.  100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады деп күтілуде", - деді ол.

Министрдің айтуынша, қаланы дамыту үш ірі бағыт бойынша жоспарлануда – бұл энергетика, металлургия және теміржол өнімдерін өндіру кластерлері.

Бұған дейін, Қазақстанның моноқалаларында коммуналдық қызметтер тарифтерінің қымбаттауы күтілетіні хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.