Марченко Орталық банкке электрондық валюталар шығаруды ұсынды

Бұл мәселенің шешімі ретінде Марченко нарықтағы Роберт Джиори тәжірибесі мен оның жасаған GSMT жүйесіне назар аударуды ұсынады.

26 марта 2016 года

Орталық банктер өзінің электрондық валютасын шығаруды бастау қажет. Бұл пікірді Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко Vestifinance-дегі сұхбатында айтты, деп хабарлайды LS.

Оның сөзіне қарағанда, егер негізгі банктер электрондық валютаны айналысқа шығаруды бастамаса, бұл қуыс жоғалады, бәсекелестікке қабілеттілігі сияқты.

"Орталық банктер қолма-қол валютаның 40 % -ын  ғана бақылайды. Салымдар бойынша 80 %-дан астамы шетелдік валютада, кәсіпорындар депозиті – 60 %.  Бұдан өзге криптовалюталар, биткоиндар және тағы басқаларды шығару туралы әңгімелер жүірп жатыр. Яғни – бұл ақшалай суррогаттар. Егер Орталық банктер электрондық валютаны алдағы бірер жылдың ішінде айналымға енгізбесе, бұл олқылықты басқалар басады.  Содан кейін қандай ақша-несие саясаты туралы айтуға болады. Егер басты банктер қолма-қол ақшаның жалпы көлемінің 30-40 % бақылайтын болса. Шындығында бұдан да аз болады? Яғни, ол қозғалысыт жүргізеді, резервтік талаптарды алмастырады, мөлшерлемені көтеріп, азайтады. Бұл бірақ ақша массасының үштен біріне ғана таратылады. Ол қолма-қол доллар және еуро ұсынысын реттей алмайды. Егер Орталық банк өзінің электрондық валютасын шығармайтын болса, ол қалай өзгелермен қалай бәсекелеспек?",  – деп сұрайды Марченко.

Ол 2012 жылы ҚР Ұлттық банкі осындай электрондық ақшаны айналымға енгізуді ұсынғанын  еске салды. Алайда, қадағалау органының бұрынғы басшысының түсіндіруінше "Серік Ахметов үкіметіндегі банктік лобби оны ойдағыдай бұғаттады".

Бұл мәселенің шешімі ретінде Марченко нарықтағы Роберт Джиори тәжірибесі мен оның жасаған GSMT (Global System of Money Transfer) жүйесіне назар аударуды ұсынады.  

"2014 жылы біз онымен бірге Қытай Халық банкіне барғанда осы тақырыпта әңгіместік. Оның жүйесі жасалған. Өзіміздікін жасауға да болады, GSMT сатып алуға да болады. Бірақ бұл бағытта қозғалыс керек. ІТ өнімдерді жасайтын барлық ірі әзірлеушілер қаржылық төлем жүйесіне қозғала бастады. Бұл көрсеткіште банктерге негізделген жүйе онша жақсы емес жұмыс жасайды. Мен әрдайым айтып келем – банк қызметі қажетті саналады, банктер институт ретінде қажетті емес",  – дегенді атап өтті бұрынғы реттеуші басшысы.

Оның  көзқарасынша, елде коммерциялық банктер қажет емес жүйені құруға болады. Төлемпдердің негізгі өткізгіші ретінде халық үшін пошта-жинақ жүйесі әрекет ете алады.

"Егер әлдебіреу бағалы қағаздар нарығында ойнағысы келсе, деривативтер өткізіп, онда міне сізге жеке коммерциялық банктер. Олар арқылы өз қаржысын депозитке салып, операция жүргізуге болады. Бірақ егер сіз қолайсыздыққа тап болсаңыз бұл жерде мемлекеттің еш қатысы жоқ", – деп түсіндірді өз ұсынысын Марченко.

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы валюта нарығындағы ауытқуындағы ағымдағы жағдайды да түсіндірді.

"Мұнай бағасының құлдырауынан кейінгі есеңгіреуден соң бізде қазір ешбір белсенді ақша-несие саясаты не бағам жоқ. Жалпы, бұл заттар байланысты. Қазір бағам мұнай бағасына байлаулы. Нәтижесінде, бізде не бар? Мұнай өседі, рубль мен теңге бағамы да өседі. Қазақстанда интервенция үшін резертер бар, бірақ бізде 1,5 жылдағы үш девальвациядан кейін Ұлттық банкке сенім жоқ. Мен мұны бұрынғы төраға ретінде үлкен өкінішпен айтып отырмын. Бұл заттар артық емес, ал институциональдылар, елде Орталық банкке сенім болмаған кезде – бұл әрдайым нашар",  – деп  түсіндірді ол.

Григорий Марченко  ұлттық валютаға сенімді қалпына келтіру үшін өте ұзақ уақыт керек  екеніне алаңдаушылық білдірді.  Сонымен қатар, кейбір елдерде нарықтағы қолма-қол ақша көлемі ұлттық валюта көлемінен 1,5 есе артық екенін де атап өтті. Танымал қаржыгер сондай-ақ, елдегі экономиканы әртараптандыру мәселелері туралы да айтып берді.

"Бізде  мұнай экспорттаушы елдерде жоғары бағалардың уақыты болды. Қазақстан артық түсім көлемінен 270- 280 млрд. $ тапты. Біз бәріміз дұрыс шешім қабылдадық – Ұлттық қор құрып. Өзге ақшаны  жаңа экономика құруды инвестициялауға жұмсау керек еді. Егер біз шикізатқа тәуелсіз экономиканы құрғанда қазіргігідей бағамның трагедиялық құлдырауы болмас еді.  Өкінішке орай, ақшаның бір бөлігі сәтсіз инвестицияланды. Бір бөлігін белгісіз бағыттарда жоғалттық, бір бөлігін тұтынуға жұмсадық. Өкінішке орай, шикізатқа тәуелділік ұлғайды. Бұл біздің басты қателігіміз. Сонымен бірге бәрі түсінді, әртарантандыру бойынша бағдарламалар да қабылдады. Бірақ болмады. Сол себепті бағаның құлдырауына қарсы қосымша тосқауылдар құрылған жоқ. Бағам саясаты жоқ және бәрі мұнай бағасына тәуелді",  – деді Марченко.

Ол мәселенің түйіні ғаламдық нарықта жүйелі амалының жоқтығында  жатыр деп санайды.

"Экономистер шынында да өнеркәсіптік саясат салаларды қолдауға тіреліп тұр санады. Нәтижесінде бәрі мемлекет үшін шығыстар мен шығындармен аяқталды. Қазір мойындады, мемлекет тиімді және сыбайласқан болмаса, өнеркәсіптік саясаттың мағынасы болып, береке әкеледі. Жапония,  Оңтүстік Корея және Сингапурдағыдай. Мемлекеттік органдар онша құзыретті емес және  сыбайлас жемқорлық болса, онда өнеркәсіптік саясат жағдайдың  нашарлауына алып келеді",  – деп түсіндірді  Марченко.

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы адамдарды үркітетін, ешкім ешнәрсе білмейтін жалпы өзекті мәселенің айқындалмауы бір жылдан кейін орын алады деп санайды.

"Қарапайым шешімдер мен жауаптар болмайды және бұл белгісіздік бәрін титықтады",  – деп  түйіндеді өз ойын Марченко.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.