Марченко ЕАЭО-да ұлттықтан жоғары валютаның пайда болуы туралы айтты

Оның айтуынша, талқылаулар әзірге теориялық сипатқа ғана ие

19 марта 2021 года

ЕАЭО-да ұлттықтан жоғары валюта мен ұлттықтан жоғары орталық банкін құру үшін 8-10 жыл қажет. Еуразиялық даму банкі басшысының кеңесшісі Григорий Марченко осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды LS.

Алматыда журналистермен кездесу барысында Марченко одақта электрондық ақшаны дамыту перспективалары бойынша әзірге ешқандай баға жоқ екенін атап өтті. Ол Ресейдің орталық банкі өткен жылдың соңында осы құралды дамыту нұсқаларын сипаттайтын құжат жариялап, қаржыгерлерді талқылауға шақырғанын еске салды.

"Қазақстанда да бұл шаралар жүргізіледі деп мәлімденді. Бірақ біз нақты өзгерістерді байқамадық. Сондықтан, ЕАЭО шеңберінде осы бағыттағы қандай да бір ортақ жобалар туралы айту әзірге мүмкін емес. Оларды ешкім ұсынбайды және қарастырмайды да. Қазір осы бағытта жұмыс тек Ресейде басталды, ал Қазақстанда ол тек белгіленген жоспарда тұр. Яғни бір нәрсені талқылауға әлі ерте", - деп атап өтті танымал қаржыгер.

Сондай-ақ, Марченко бірыңғай электрондық валютаны енгізу туралы сұраққа жауап бере отырып, ол тұтастай бірыңғай валюта құрылған жағдайда ғана мүмкін болатындығын атап өтті.

"Бұл туралы 20 жыл бұрын айтыла бастады. Пікірталастар тек теориялық сипатта ғана. Осы уақыт ішінде оған қатысты қозғалыс тіптен болмады. Басқаша айтқанда, теориялық тұрғыдан бірыңғай валюта мен орталық банк құру үшін бізге кем дегенде 8-10 жыл қажет. Сондай-ақ, қаржылық-несие және салық саясаты мен әлеуметтік саладағы саясатты тығыз үйлестіру керек", - деді ол.

Бұдан басқа, Марченко қазірдің өзінде ЕАЭО елдері арасындағы өзара есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі 70%-ға жеткенін қосты.

"Егер біз сыртқы саудадағы үлесті қарастыратын болсақ, онда ол аз. Мысалы, Ресей мен Беларусь немесе Ресей мен Қазақстан (ЕАЭО шеңберінде) арасындағы сауданы ғана алсақ, онда бұл көрсеткіш өсті. Яғни, прогресс бар және ол айтарлықтай үлкен, бірақ бәрібір алға жылжу керек",- деп есептейді Марченко.

Қаржыгер Қазақстанның ЕАЭО-да болуының қаншалықты тиімді екендігі туралы мәселеге түсініктеме берді. Оның пікірінше, қазіргі таңда интеграцияның балама түрлері әлі де болса жоқ.

"Біріншіден, ол – географиялық жағдай. Біз өзге елдермен ынтымақтасып, өзара тиімді жобалар мен көлік дәліздерін құруға міндеттіміз. Транзиттік ел бола тұра көршілер мемлекеттермен нашар қарым-қатынас орнату мүмкін емес", - деп түсіндірді Марченко.

Екіншіден, оның пікірінше, бұл қабылдау мәселесі.

"Мысалы, Ресей мен Қазақстанда сауалнама жүргізіп, "Біздің еліміз Одақтан ұтылды ма, жоқ па, қалай ойлайсыз?" деп сұрағанда, көпшілік "Ұтылды" деп жауап береді. Іс жүзінде жағдай бірдей. Еуропада да, Солтүстік Америкада да солай. Бірақ тұтынушылар әдетте ұтады, өйткені бағаның төмендеуі байқалады. Бұл ретте аутсайдерлер тарапынан өте қатты шағымдар бар. Олардың ешқайсысы "ЕАЭО-да болғанымызға біз қандай бақыттымыз" деп айтпайды. Басқаша айтқанда, біреу пайда туралы жар салса, ол жартылай тыңдалуы мүмкін, ал зиянды жағы айтылса, ол пікір  логиканың жоқтығына да  қаралмастан ұзақ уақыт мұқият тыңдалады", - деді қаржыгер.

Марченко пандемия интеграция мен жалпы сауда процестеріне үлкен зиян келтіргенін қосты. Бұған себеп енгізілген шектеулер мен бірқатар үкіметтердің саясаты.

"Барлық жерде инфекция шетелден әкелінді деп айтылды. Сондықтан үйде отырыңыз сонда ештеңе болмайды деген пікір қалыптасты. Осыған орай жолаушылар тасымалы тоқтатылды, бірақ бұл жақсы шешім болмады. Кім кінәлі? Бұған шетелдіктердің қатысы қанша? Өкінішке орай, бұл сұрақтардың жиынтығы интеграцияға кедергі келтіреді, өйткені адамдар егер инфекция шетелден болса, онда онымен араласудың қажеті жоқ деп санайды. Бұл дұрыс емес. Жалпы, ұзақ мерзімді жоспарда барлығы ұтымды, алайда бұл тек әртүрлі салалар мен адамдарға ғана қатысты", – деді ол.

Бұдан әрі, Марченко 2025 жылға дейін жоспарланған бірыңғай қаржы нарығы жұмысының перспективалары туралы сұраққа жауап берді. Ол мұны 2001, 2015, 2018 және 2020 жылдары іске асырылу керек болатындығы жайлы атап өтті.

"Бұл жоспарларды орындау уақыты тағы қаншалықты жылжыйтыны белгісіз. Сондықтан қазір құрылымдарды құру қиын, олар тек теориялық тұрғысынан бар. Оның үстіне біздің нарық ашық және оған шығуға ешкім кедергі келтірмейді. Қазақстанда 27 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан банктер де бар. Менің ойымша, бірыңғай нарықты құру фактісі қатысушылар санының күрт өсуіне әкелмейді. Әдетте банктер инвесторлардан кейін жүріп жатады, кейде олар ашылса, инвесторлар өздері де келетін жағдайлар аз емес. Сондықтан, мен үлкен шектеулер мен кедергілерді көрмеймін. Жұмыс істегісі келетіндер үшін нарықта орын бар", - деді ол.

Бұған дейін, LS Ұлттық банк ЕАЭО елдерінде бірыңғай валютаны енгізу туралы ақпаратты теріске шығарғаны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.