Мамыр айында Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы iске қосылмақ

1 февраля 2022 года

Қазақстанда мамыр айында тұрғын үй төлемдерінің жаңа бағдарламасын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, елімізде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеке тұрғын үйді жалға алу үшін төлем тағайындау ережелері әзірленді.

"Тұрғын үй төлемдері бағдарламасын толық іске қосу мамыр айында жоспарланып отыр. Егер негізгі тәсілдер мақұлданса, министрлік өз бұйрығын ертең бекітуге дайын", - деді ол.

Бұл ретте бағдарлама операторы Отбасы банкін ақпараттық жүйенің көмегімен тұрғын үйге мұқтаждық өлшемдері бойынша кезекте тұрғандарды тексеретін болады деп анықтады.

"Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген: жалдаудың 50%-ы мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады, қалған 50%-ын алушы өз бетінше төлейді. 70 мың азаматты қолдаумен қамту үшін қажетті сома 50 млрд теңгені құрайды, бұл ретте ол кезектегілер санына қарай жыл сайын өзгеруі мүмкін. Республикалық бюджетке жүктемені төмендету үшін жергілікті бюджеттерден 10% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру қажет. Яғни, жыл сайын республикалық бюджет шығындары 40 млрд теңгені және жергілікті бюджет үшін 10 млрд теңгені құрайды", – деп жалғастырды Өскенбаев.

Министрлік өз тарапынан бағдарламаға қатысуға ниет білдірген қазақстандықтарға қойылатын талаптар мен өлшемдері бар ережелерді әзірледі. Сонымен қатар, жалдау мөлшерлемесінің шекті құны анықталды. Министрдің айтуынша, республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау қажет. Сондай-ақ, Отбасы банкі өз жүйесін мемлекеттік органдар базаларымен интеграциялауды аяқтауы тиіс.

Министрлiктiң мәліметінше, бүгінде елімізде 590 мыңға жуық кезекте тұрғандар бар, олардың 210 мыңы әлеуметтік осал топтардан. Бұл көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар. Олардың ішінде, еңбек министрлігі базасының деректеріне сәйкес, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мыңға жуық азамат қысқа мерзімде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс.

Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар-Қазақстан азаматтығы, отбасының соңғы алты айдағы жиынтық табысы әрбір мүшеге бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте кезекке тұрғандығын растау, тұрғын үйдің меншік иесі мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың болуы.

"Төлемдерді тағайындау үшін адам банкке ЭЦҚ арқылы жүгініп, төлемдерді тағайындауға өтініш пен тұрғын үйді жалдау шартын қоса беруі керек. Қалған қажетті құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерден алынады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Қажетті құжаттар тізімiнде: жеке куәлік, некеге тұру немесе бұзу, қайтыс болу, туу туралы куәлік, меншік құқығында тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, тіркеу мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, сондай-ақ, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар, табысы туралы мәліметтер болуы керек.

Отбасы банкi өз кезегінде барлық ұсынылған құжаттарды тексереді және растаған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде жалдау төлемдерін есепке алады.

Бұған дейін, үкімет тұрғын үйді жалға алу үшін төлемдерге қатысты қаулы қабылдағаны туралы хабарланған болатын. Бұл ретте, ИИДМ LS-ке жалға алу үшін субсидия алу шарттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, көмектің осы түрін талап ете алатын азаматтардың санаттары аталды. LS елдегі ең танымал тұрғын үй бағдарламаларына шолу жасаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
1 ноября 2025 года
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.