Маңғыстауда инвесторлар зауыт салу жоспарынан бас тартты

сегодня

Маңғыстау облысында құны $330 млн болатын жоба жүзеге аспайтын болды. Бұл туралы LS-ке редакциясының сауалына берген жауабында өңір әкімдігі мәлімдеді.

Жоба қытайлық серіктестің қатысуымен жүзеге асырылуы жоспарланған еді. Оның аясында Қытайдың CERI институты техникалық-экономикалық негіздеме дайындаса, Ernst & Young компаниясы нарықтық зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Әкімдіктің ақпаратынша, жобаны іске асыруға бастапқы кезеңде $330 млн көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Сондай-ақ, елдегі құбыр өнімдеріне деген жыл сайынғы сұраныс 130-140 мың тонна шамасында деп бағаланған. Алайда жобаның шығынсыз жұмыс істеуі үшін өндіріс көлемі жылына кемінде 146 мың тонна болуы қажет болған.

"Инвесторлар нарықтағы жағдайды бағалай келе, құбыр өнімдерін шығаратын жаңа зауыт салу экономикалық тұрғыдан тиімді емес деген қорытындыға келіп, жобаны тоқтатты", – деп хабарлады әкімдікте.

Бұған дейін, Ақмола облысында құны 55,5 млрд теңгені құрайтын алты инвестициялық жобаның тоқтатылғаны хабарланған болатын. Бұл деректер ұлттық цифрлық инвестициялық платформада көрсетілген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.