Ұлттық банк валютаны бақылау жүйесін күшейтеді

Жаңа заң жобасы үкіметте осы күзде жолданбақ

9 августа 2017 года

Ұлттық банк капитал шығарылымының алдын алу үшін валюта нарығындағы ірі келісімдерді бақылауды күшейтеді деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры Айгүл Боранбаеваның айтуынша, бұл өзгеріс шетелдік қаржылық емес ұйым филиалдарының статусына әсер етеді.

"Шетелдік ұйымдар бас компаниялармен операцияны кез келген валютада еркін жүргізе алады. Алайда қазақстандық серіктермен ғимаратты жалға алу секілді операциялар енді тек теңгемен болады", - дейді ол.

Оның пікірінше, капитал қозғалысын бақылау Қазақстанның сыртқы қарыздарына қатысты статистиканың анық болуына септеседі. Себебі, - дейді ол, - елдің сыртқы қарызының көп бөлігі фирмааралық қарыздардың есебінен жиналады.

Сондай-ақ ол бұдан былай кейбір келісімдер бойынша банктердің есебі мұқият тексерілетін жеткізді.

"Мәселен, бейрезидентке сыйақы төлемей қарыз беретін келісімдер назарға алынады. Яғни кей банктер аффилирленбеген тұлғаларға 10 жылға қарыз ретінде пайдалануға ақша бере салады. Осындай келісімдердің валюталық бақылауларға қатысты жаңа талаптар қойылады. Енді осындай келісімге отыруға келген клиент банктің әлгі келісім-шартқа қатысты барлық деректерді құқық қорғау органдарына жіберуіне рұқсат беруі тиіс. Себебі, мұндай операциялар бойынша есеп барынша нақты, ал бақылау мүмкіндігінше мұқият жүргізілуі керек", - дейді Боранбаева.

Одан бөлек, Ұлттық банк заңды тұлғалардың теңге арқылы шетелдік валюта сауда-саттық барысын да тексеріп отыруға ниетті.

"Біз банктердің есебін негізге алып валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс балансын бақылап отыратынымызды өздеріңіз де білесіздер. Олардың бізге жіберген деректеріне сараптама жүргізіп, ай сайын сатып алынатын валютаның 30 пайызы шетелдік валютадағы қандай да бір төлем жүргізгу үшін емес, шетелдік банктердегі есеп-шоттарға ақша аудару секілді күмәнді операцияларға жұмсалатынын анықтадық. Қазір бұған тыйым салынбаған, бірақ біз сонда да бақылауға алғымыз келеді", - дейді Ұлттық банк өкілі.

Оның айтуынша, ақша айырбастау пунктілерінің иелеріне олардың жарғылық капиталға салған қаржының қайдан келгенін көрсету жөніндегі талап енгізіледі.

Сондай-ақ заң жобасына брокерлер қазақстандықтарға қызмет көрсету үшін теңгемен ғана емес, шетелдік валютада да ақша алуына мүмкіндік беретін норма қосылады.

Боранбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жаң жобасының мәтіні "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қаржыгерлер қауымдастығының қатысуымен өңделіп жатыр.

Заң жобасы үкіметте 2017 жылдың қазанында талқыланып, 2018 жылы парламентке жіберіледі деп жоспарланып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.