Әлсіреген теңге елдегі баспана бағасына қалай әсер етеді

Бірінші және қайталама нарықтағы бағаға қатысты болжам

12 сентября 2017 года

LS сөйлескен сарапшылар доллар мен рубль курсының құбылмалығы қазақстандық жылжымалы мүлік нарығына қалай әсер ететіні мен күзде тұрғын үй бағасы қай шамада болатынын айтып берді.

Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің сөзінше, жаңадан салынған тұрғын үй нарығында баспана бағасы төмендеп жатыр.

"Жаңа үйлердің шаршы метрі санатына байланысты 5-тен 20 пайызға дейін арзандап кетті. Жаңа үйлер тым қымбат бағаланған, сауданың жүруіне де осы фактор кедергі", - дейді ол.

Сарапшының айтуынша, жыл соңына дейін тұрғын үй қымбаттамайды. Мұндай түсім нарық келіссөз жүргізуге қолайлы шаршы метр бағасы индексіне тоқтамайынша жалғаса береді. Оның болжамынша, келер жылы да тап осындай жағдай қайталанады.  

Доллардың тұрақсыздығы туралы пікір білдірген сарапшы үй құнын америкалық валютамен есептеудің қажеті жоқ екенін, себебі бағалалар теңгеде болатынын айтты.   

"Біз тұрақты шаманы табуымыз керек, бірақ ол долларға байланбайды", - деді маман.

Одан бөлек, Homsters.kz онлайн-қызметінің басқарушы серіктесі Мария Реннің айтуынша, қыркүйек-қараша айларында тұрғын үй бағасы өзгермелі динамикада қала береді. Яғни, жаңадан салынған үйлерге сұраныс мемлекеттік бағдарламалар арқасында тұрақты болғандықтан, жыл соңына дейін оның бағасы айтарлықтар өзгермейді.   

"Біздің топшылауымызша, күзде жаңа үйлердің бағасы тұрақты болуы мүмкін, тіпті нарықтың түрлі маусымда байқалатын белсенділігіне байланысты бағасы сәл өсуі де ықтимал. Қайталама нарықтағы баспаналар мұндай қызығушылық тудыра қоймағандықтан, сұраныс азаюының әсерінен сатушылар баспана бағасын түсіруге мәжбүр болады. Теңге курсы мен экономикалық жағдай тұрақты болса, екінші нарықтағы үйлер ай сайын 0,5-1,5 пайыз, ал маусым аяқталғанша 3-4 пайызға арзандауы мүмкін", - дейді сарапшы.

Ол жуық арада баспана бағасы айтарлық өзгере қояды деп есептемейді.

"Курстың құбылмалығы де-факто екінші нарық пен элиталық үйлер секілді екі сегментке әсер етеді. Алматыда сатылатын ескі үйлер көп, демек курс динамикасына да тәуелділік күшті. Астанада бағасы әу бастан теңгеде қойылған жаңадан соғылған баспана көп. Бұл – ондағы бағалар Алматыдан қарағанда тұрақтырақ деген сөз", - дейді Рен. 

THS Group құрылыс компаниясының директоры Қайрат Құдайбергеннің ойы басқа. Оның пікірінше, рубль күшеюіне байланысты Қазақстанда баспана бағасы 10 пайызға дейін өседі. 

"Нарық пен ондағы ойыншылар бағаны ұстап тұруға тырысады, бірақ шетелден келетін құрылыс материалдарының қымбаттауы кесірінен үй салушылар шығынға батып жұмыс істей алмайды. Әрине, қымбаттайды. Тұрғын үй бағасы 10 пайызға дейін өсуі мүмкін", - дейді ол.

Бұған дейін LS Қазақстанда қайталама нарықтағы баспана бағасы арзандап жатқанын хабарлаған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.