Қазақстандық кәсіпорындар аса қымбат емес өнімдерді экспорттауды ойластыруы қажет. LS-ке берген сұхбатын экономист Ғазиза Шаханова арзан тауар өндірушілердің жалпы экономика кезеңінде нарықта басымдыққа ие болатынын айтты.
– Ғазиза, бұған дейін сіз бизнес мемлекеттің қолдауынсыз өзімен өзі жалғыз қалғанын және қиялмен қоштасқанын айтқан едіңіз. Алғашқы тоқсанның қорынтысы бойынша ахуал қалай өзгерді? Оңалу немесе нашарлауды байқадыңыз ба?
- Білесіз бе, бұрын мен Kaznex Invest-те жұмыс жасағанда экспортшылардың мүддесін қорғадым. Біршама уақыттан бері онда жұмыс жасамайтындығымнан және соған байланысты бизнестің атынан айтуға еркіндік дәрежесіне ие емеспін. Тек сұрақты төзімше түсінуіммен ғана бөлісе алам. Мүмкін, мұнда қайтадан кері жүру керек шығар. Қысқамерзімдік келешекте бизнеске қатардағы тұтынушылардан қолдау күту қажет шығар. Қымбат емес тауарлар, ұзақ уақыт сақталатын азық-түлік өнімдері мен оларды жақсы жеңілдікпен тарататын өндіретіндер ғана ұтады. Дегенмен, өкінішке қарай ішкі тұтыну өсімінің болашағы тағы шектеулі – халық үнемдейді. өзге салалар үлкен есеппен мемлекеттік тапсырысқа немесе басқа да себептерге байланысты болады.
– Түрлі лауазымдағы шенеуніктер жапа-тарғамай экспортты ұлғайтудың қажеттігі туралы айтады және жаңа напрықтарды игерудің қызығарлықтай келешегін суреттейді. Бұл уақытта кәсіпорындар сатып алушылардың жоқтығына шағымданады және өндірістік қуатына шыға алмауда. Сіздің көзқарасыңызша, Қазақстанның экспортты ұлғайтудағы нақты мүмкіндіктері қандай?
- Кәсіпорындар әділ. Шенеуніктерді де түсінуге болады. Бір жағынан, елдің ішкі нарығының тұтынуынсыз экспорт мүмкін емес. Өндірісші кез-келген жағдайда ішкі сатылымға иек артуы керек. Тек содан кейін ғана сыртқы нарық жоспарларының бөлімдеріне ауысады. Сол себепті, көрші нарықты жаулап алудың 10 мінсіз сценарийі болса да, ішкі жағы мығым болмаса оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қиын. Екінші жағынан, экспортқа бару – күрделі жағдайда сауданы әртараптандырудың бір мүмкіндігі. Сондықтан бизнес оған табандылықпен шақырады.
– Мемлекет шынымен де қандай нарықтарға шығып және онда өз орнын таба алады? Экспорттың қандай мәселелерін көріп тұрсыз? Олар немен байланысты және оларды қалай шешуге болады?
- Мен былай айтар едім, қайда және қандай құрлық екені маңызды емес, бастысы қалай арзан сатуға болады қазіргі уақыттағы – тұтыну сұранысы құлдыраған кезеңде. Өкінішке қарай, біз өз тауарларымызды шетелдік мемлекеттерге "итеріп кіргізетін" мүмкіндігіміз жоқ. Көбі оны қару-жарақ, ГМО-ұрықтар экспорты арқылы жасайды немесе ұлттық бизнестің қызығушылығын жорамалданған түрлі жобалардағы үлестерді сатып алу арқылы ілгері бастырып. Егер Қазақстан келешегі зор кен орнының үлесін алса немесе сауда желісінің акционерлер құрамына кірсе, бұл отандық тауарлар тең жағдайға шығар еді. Сондықтан, шартты түрде, бөтен нарықты бұзу үшін және оған қазақстандық құрал-жабдықтарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырысқа ену қажет. Дұрысы ұзақ уақытқа кепілдендірілген. Әйтпесе өнеркәсіптік тауарлар үшін жасалған ойын еткен еңбекке татымайды. Егер азық-түлік тауарлары экспорты туралы айтатын болсақ, онда мұнда мен органикалық өсірілген немесе экологиялық таза тауарды кең шайғастырмас едім. Бұл нарықтың тар саласы, төлем қабілеті жоғары еуропалықтар немесе американдықтарға есептелген. Онда отандық тауарды жеткізу кез-келгеннің қолынан келмейді. Сол себепті, менің пайымдауымша, аса қымбат емес азық-түлікті экспорттық сатуға бағыттау қажет. Әрине, сапалық қасиеттерін сақтап.
– Соңғы уақытта Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық қарқын алуда. Байланыстың бұлай нығаюын сіз қалай бағалайсыз? Бұл жағдайда кім көбірек ұтады?
- Мүмкін, инвестор бейнесінде мұнай саласында Қытай Қазақстанға таныс. Бірақ, өзара тиімді сауда серіктесі ретінде – онша емес. Көршілер әрдайым минералдарды, металдарды және химияны алуды жөн көреді. Өкінішке қарай, белгілі бір қазақстандық бизнес соңғы уақытта азық-түлік өнімдеріне, ауылшаруашылығы және мал өнімдеріне тірек жасауда. Әзірге үлкен табыс жоқ (2014-2015 жылдары экспорт 121 млн. $-дан 106 млн. $-ға кеміді). Қытаймен ынтымақтастық тақырыбы қызықты. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулерге қарамастан, сауда барлық уақытта да саясаткерлерді тыңдай бермейді. Сауар айналымы 2013 жылғы 22 млрд. $-дан 2014 жылы 17 млрд. $-ға, 2015 жылы 10 млрд. $-ға кеміді. Соның өзіне әртүрлі түсіндірмелер бар. Мүмкін, қытайлық рух ахуалын түсіну керек шығар. Бастысы, нәтиже емес, ниет. Жалпы, ғаламдық жағдайда Қытай қуаты көп қорқыныш тудыруда. Біреулер Қытайдың Африка мен Азияны сатып алуынан және әлем бүкітқытайлық экспанисияға бара жатқанынан, немесе юанның үшінші әлемдік валюта болуынан қорқады. Кейбіреулер үшін Қытайдың дамуы өзіен өзі күн тәртібіне лаңкестікті шығарды. Қызық, Қытайда өзінің жетістігіне көне дәстүрлерге негізделген өзі қатынасы бар. Мәселен, мемлекеттік қайраткерлерге елдің әлеуетін жасыру, көшбасшылыққа таласу бұйырылған. Шенеуніктерде өзінің әділдігін сөзбен емес, әрекеттерімен дәлелдеу қабылданған. Тарихи, Мао уақытынан бері экономикалық реформалардың табиғи жолын асықтыруға тиым салынды. Еш талқылаусыз, Қытай – мықты көрші, басымдығын біз сезінуіміз, түсінуміз, тіпті зерттеуіміз керек. Әйтсе де оны демонизациялап, өзімізді өзіміз мағынасыз таңдау жасауға күштемеуіміз керек. Қытай инвестициясына ХХІ ғасырда көп нәрсе байланысты, Қытайдың өзі өткен ғасырда өз уақытында батыс инвестициясына тәуелді болды.
– Қытаймен серіктестіктің нығаюы Қазақстанның Ресей мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен қарым-қатынасына қалай әсер етеді?
- Әрбір ел – ЕАЭО қатысушылары Қытаймен екіжақты қарым-қатынас орнатуға құқылы. Бүкіл әлем бұл елмен қарым-қатынас орнатуға ұмтылуда. Сондықтан Қытай – белгілі бір мағынада үміт еткен инвестор. Қандай да бір дәрежеде ЕАЭО елдері Қытайдың назары үшін бәсекелеседі және Қытай жағына көрсететін көзірлерінің бірі – бұл үлкен еуразиялық нарық. Бірақ мен ойламаймын, бұл бәсекелестік қызғаныштан немесе іштарлықпен жүріп жатқан жоқ. Қазақстан мен Қытай, Қытай мен Ресей, Ресей мен Қазақстан әрекеттестігі қалыпты қағидаты – өзімшілдік-прагматизм. Сөзсіз, қытайлық инвесторлардың прагматизмі де соңғы рөлді ойнамайды. Жалпы, Қытаймен достық ғаламдық ауқымда әртүрлі жақталады. Мәселен, АҚШ Америк мен Азия арасындағы сауданы біріктіруге шақыруымен Транстынықмұхиты серіктестігін құрды, бірақ Қытайсыз. Өз кезегінде, Қытай жауап ретінде Америкасыз АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азяи елдері қауымдастығы) аясында баламалы сауда келіссөздері бастамасын көтерді. Ал ЕАЭО-ға келсек, мүмкін, мұнда біреуге қарсы достасу онша қисынды емес және парасатты консенсус табылатын болады.