Үкімет тұрғын үй бағасының өсуін тежеуге уәде берді

вчера

Мемлекет тұрғын үй бағасын нарықтық тәсілдермен тұрақтандыруды көздеп отыр, деп хабарлайды LS.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр 2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін баспана бағасы қалай өзгеретіні жайлы журналистердің сұрағына жауап берді.

"Бұл қарапайым халық үшін ешқандай салдар әкелмейді. Биыл елімізде 19 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда тұрғын үй бағасы нарықтық тетіктер арқылы реттелуде. Соңғы он жылда мемлекеттің жеке құрылыс компанияларынан баспана сатып алушы ретінде қатысуы белгілі бір деңгейде тұрақтандырушы рөл атқарды. Қазіргі таңда эконом-класс санатындағы тұрғын үйдің бағасы негізсіз қымбат емес – ол өзіне лайықты, әділ деңгейде тұр. Жалпы алғанда, тұрғын үй нарығында бағаның күрт құбылуы байқалмайды", – деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің қабылдануы ірі құрылыс компаниялары бизнестерін ұсақтап, шамадан тыс пайда табуына тосқауыл болады.

"Бұдан былай компаниялар салық төлейтін болғандықтан, олардың табысы азаяды. Соған қарамастан, тұрғын үй бағасы мемлекеттік тапсырыс негізінде, сондай-ақ "Бақытты отбасы" мен "Наурыз жұмыскер" бағдарламалары аясында нарық заңдылықтарына сай реттеліп отырады", – деп нақтылады Р. Скляр.

Вице-премьер отставкаға кетуі мүмкін деген сұраққа да жауап берді.

"Мен үкіметте алты жылдан астам уақыт қызмет етіп келемін. Жоғарғы басшылық сенім артқан жағдайда, жұмысымды әрі қарай жалғастыруға дайынмын", – деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді.

"Қазақстанда бензин мен дизель отыны көршілес мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Соның салдарынан транзиттік көліктер елімізде арзан жанармай құйып алып, оны шекара асыра шығарып жатыр. Бұл ішкі нарықта тапшылыққа себеп болуда. Сол себепті, мұндай жағдайдың алдын алу үшін жанармай бағасын біртіндеп теңестіруді көздеп отырмыз", – деді ол.

Р. Склярдың айтуынша, Қазақстан жыл сайын шамамен 90 млн тонна мұнай өндіреді, алайда мұнай өнімдерін өңдеу көлемі жеткіліксіз болып отыр.

"Мемлекет мұнай өңдеу көлемін көбейтуге бағытталған нақты жоспарды қолға алған. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңі салынбақ, бұл зауыттың қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Павлодар мен Атыраудағы мұнай өңдеу зауыттарының да өндірістік әлеуетін күшейту жоспарланып отыр", – деп түйіндеді вице-премьер.

Бұған дейін, қазақстандық сарапшылар тұрғын үй нарығындағы баға 12-15%-ға өсуі мүмкін деген болжам жасаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.