JUSAN-нан бизнес-шаттл қостанайлық кәсіпкерге бұйырды

PR

20 января 2023 года

Өз клиенттеріне сенім артып, қолдау көрсетуге дайын банк әрі серіктес. Дәл осындай ұранмен Алматыда JUSAN-нан "Бизнес үшін автокөлік" акциясының қорытындысы шығарылды.

Екі айға жуық Jusan Business өткізген акцияда Қостанай тұрғыны – "КОЙЛМЕХ" компаниясының директоры Сергей Хасанов жеңіске жетті. Hyundai Staria бизнес-шаттлының кілтін бүгін оған банк өкілдері ресми түрде табыс етті.

Сонымен қатар, банк корпоративтік клиенттер арасында мобильді қосымшада бизнесті онлайн жүргізу үшін қажет 14-шi iPhone смартфонының 56 данасын ойнатты.

Jusan Bank басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов мұндай акциялар кәсіпкерлерді қолдау үшін жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Ол банк ыңғайлы жайлы онлайн өнімдерді ұсыну арқылы клиенттердің жұмысын барынша жеңілдетуге ұмтылатынын еске салды.

Талдау көрсеткендей, акцияға қатысушылардың 56%-зы жеке кәсіпкерлер, ал 44%-зы ЖШС нысанындағы заңды тұлғалар. Бұл қызмет көрсету, сату компаниялары мен өндірушілер.

"Біз клиенттеріміздің әл-ауқаты мен бизнесін жетілдіруіне қолдау көрсетуді міндет етеміз. Әрбір қазақстандық өз әлеуетін жүзеге асыруға қабілетті, сондықтан ең бастысы, оларды қолдау маңызды. Ұранымыз айтып тұрғандай: біз әрбіріңізге сенеміз. Біз өнімдеріміздің қолжетімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істеудеміз. Сондықтан онлайн транзакциялар науқанға қосылды, өйткені Jusan бөлшек сегментіндегі тұтынушыларға ғана емес, бизнеске де ыңғайлы өнімдер жасауға ұмтылады. Ал экономиканың драйвері – шағын және орта бизнес екені баршамызға белгілі. Біздің цифрлық өнімдерді жетілдіруге көмектесіп, әрдайым бізге сенім артқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", - деді ол Алматыда автокөлікті ресми тапсыру кезінде.

Өз кезегінде акция жеңімпазы Сергей Хасанов ұтыс ойынына қатысудан алған әсерімен бөлісті.

"Біздің жас компаниямызға шот ашу керек болды, ал біздің таңдауымыз JUSAN-ға түсті. Науқан туралы айтып, бәрін дұрыс рәсімдеуге көмектескен менеджерімізге үлкен алғыс. Мен бизнес-аударма жасап жеңіске жетті! Өзімді әлі де кереметтерге сенетін бала сияқты сезінiп тұрмын. Осы үшін Jusan-ға көп рахмет! Ғажайыптарға сеніңіз, өйткені олар орындалады", - деді Сергей.

2022 жылғы 14 қарашадан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін созылған акцияға Jusan Business шағын және орта бизнес үшін онлайн-банкингке қосылған барлық бизнес клиенттердің көпшілігі қатысты.

Қорытынды деректерге сәйкес, белсенділік танытқандар Астана, Алматы, Қарағанды, Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстанның кәсіпкерлері.

Операциялардың көп бөлігі POS-терминал немесе Jusan Tole қосымшасы арқылы төленген. Сондай-ақ, несиелер мен басқа төлемдерге онлайн-өтінімдер көш бастап тұр.

Еске салсақ, JUSAN-нан "Бизнес үшін автокөлік" акциясының шарттарына сәйкес корпоративтік клиенттерге Jusan Business интернет банкингінде немесе қосымшасында кез келген операцияны орындау қажет еді. Мәселен, аударым немесе төлем жасау, "Өз пакетіңізді жинаңыз" қызметіне қосылып, әрі қарай пайдалану, сондай-ақ Jusan Tole арқылы төлемдерді жүргізу арқылы.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. №1.2.35/225/37  лицензиясы.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.