Интерпол Азия Авто және ірі қаржы пирамидасының басшыларын ұстады

5 декабря 2022 года

Интерпол халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтарды ұстады. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Ол Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша Прагада "БИПЭК Авто – Азия Авто" компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталғанын айтты. Барлық фигуранттар қамауда, оларды Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.

Бұған дейін, LS редакциясы "Азия Авто" негізін қалаушы Анатолий Балушкиннің іздестірілетiні туралы хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, Испанияда 35 жастағы ресейлік ұсталды, оны Астана полиция департаменті трансұлттық қылмыстық ұйымның құрамында Questra holdings, Questra World, Atlantic Global Asset қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін іздеуде болған еді.

Сонымен қатар, германдық Унтершлайсхаймда 22 жастағы қазақстандық ұсталды. Оны департамент Telegram арқылы психотроптық заттарды өткізгені үшін іздеуде болатын.

Владивостокта ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Шымкентте іздеуде жүрген 36 жастағы қазақстандық ұсталды.

Тұрлыбектің айтуынша, ол өзін авто сатып алушыларға құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған, олардың көлігі іздеуде екенін, сондықтан оны алып кететінін хабарлаған. Ер адам мәселені шешу үшін үлкен соманы талап етiп, ақшаны алғаннан кейін құқық қорғау органдарының жалған қызметкері жасырынып жүрді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.