Еуро-3 бензині Қазақстанда сатылуы мүмкін бе

сегодня

Ресейде жыл соңына дейін "Еуро-3" бензинін пайдалануға рұқсат берілді. Осыған байланысты LS редакциясы Қазақстанда да жанар-жағармай сапасына қойылатын талаптар өзгере ме деген сауалмен Энергетика министрлігіне жүгінді.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда бензин мен дизель отынын импорттауға шектеу жоқ.

Алайда Қазақстанда тек К4 және К5 экологиялық класына, яғни "Еуро-4" және "Еуро-5" стандарттарына сай келетін жанармайды сатуға рұқсат етілген.

"Белгіленген талаптарға* сәйкес келмейтін жанар-жағармайды Қазақстан аумағында сатуға және айналымға шығаруға рұқсат етілмейді",- деп хабарлады Энергетика министрлігінде.

Энергетика министрлігі бұл талаптардың орындалуы тұрақты түрде қадағаланатынын жеткізді.

Еске салайық, Ресейде мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдардың салдарынан жанар-жағармай тапшылығы туындаған еді. Осы себепті көрші ел "Еуро-3" стандартына сәйкес келетін жанармайды уақытша пайдалануға рұқсат берді. Алайда оны экономикалық одақ елдеріне экспорттауға тыйым салынған.

Ал биылғы 1–21 шілде аралығында ҰҚК Шекара қызметі жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 1 342 әрекетінің жолын кесті. Тәркіленген отын көлемі 112 тоннадан асты.

Бұған дейін, Энергетика министрлігі LS-ке Қазақстанның көрші мемлекеттерге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірген еді.

*Кеден одағының 013/2011 техникалық регламенті- "Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын мен мазутқа қойылатын талаптар туралы".

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.