Ерболат Досаев Алматы әкімі болды

2019 жылдан бастап ол елдің бас банкін басқарды

31 января 2022 года

Мемлекет басшысының жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды. Бұған дейін ол үш жыл Ұлттық банктің басшысы қызметін атқарды. LS редакциясы бас банкте оның басшылығымен жүзеге асырылған кейбір міндеттердің тізімін жасады.

2022 жыл:

- Ұлттық банк қаржы мониторингі және Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге елден заңсыз ақша шығаруды бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдады. Сондай-ақ, операцияларды жүргізуге өтінімдер бойынша іс-қимыл алгоритмі және бақылауға жататын трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді;

- Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі жинақ салымдары бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасын 20 млн теңгеге дейін арттырды. Бұрын бұл сома 15 млн теңгені құраған болатын;

- контрциклді бюджеттік ереже енгізілді, ол 2023-2025 жырдарға және одан кейінгі жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қолданыла бастайды;

- Ұлттық банк дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында бес мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруды аяқтады. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңмен шығуды жоспарлап отыр;

- көктемде Қазақстанның МБҚ дамушы нарықтардың FTSE Frontier Emerging Markets Government Bond Index Series.емлекеттік облигациялар индекстерінің сериясы индексіне енгізіледі деп күтілуде.

2021 жыл:

- цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жоба қолға алынды. 2022 жылдың соңында цифрлық теңге енгізу қажеттілігі туралы қорытынды шешім күтілуде;

- Ұлттық төлем жүйесінің негізгі компоненттері пилоттық режимде іске қосылды;

- 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясатының стратегиясы бекітілiп, ол кедергілерді жоюға және инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне көшуді аяқтауға мүмкіндік береді;

- базалық мөлшерлемені өзгерту жөніндегі шешім ақша-несие саясаты жөніндегі комитетке берілді;

- JPMorgan JPMorgan индекстерін басқару бойынша шолу шығарды, онда Қазақстанның МБҚ GBI-EM индексіне қосу үшін "радарға" орналастырылды;

- АХҚО-да валюталық реттеу ережелері қабылданып, олар АХҚО-ның елдің қаржы секторына интеграциялануын қамтамасыз етті;

- Ұлттық қор мен БЖЗҚ басқару стратегиясының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шаралар мақұлданды (ESG қағидаттарын енгізу, қорғау стратегияларын және мультифакторлық инвестициялауды қолдану, акциялар портфелін хеджирлеу);

- микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер жұмысын реттеу енгізілді.

2020 жыл:

- Клиенттерді қашықтан сәйкестендіру сервисі іске қосылды, қаржы нарығының барлық субъектілерінің есептілігін онлайн-жинауға 100% аудару жүзеге асырылды;

- Ұлттық банк өз өкілеттіктерінің бір бөлігін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне берді. Ал бас қаржы институтының өзі елордаға көшті.

2019 жыл:

- Коронавирустық пандемия кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемалық қарыздарын бір реттік есептен шығаруға қолдау көрсетілді;

- 14 банк активтерінің сапасына ірі тексеру жүргізілді (AQR), оларға сектор активтерінің 87%-ы және жалпы несие портфелінің 90%-ы тиесілі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.