Енді борышкерлердің банктік шоттары толық жабылмайды

сегодня

Енді қазақстандықтардың банктік шоттары берешек болған жағдайда толық емес, тек қарыз сомасы шегінде ғана бұғатталатын болады, деп хабарлайды LS.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков алдағы өзгерістерге қатысты түсінік берді.

"Азаматтар тарапынан шоттардың толық бұғатталуына қатысты көптеген шағым түсті. Бұған дейін, айыппұл немесе өзге де берешек болған жағдайда, банктер шотты толық бұғаттайтын. Енді бұл жүйе жетілдірілді: жеке сот орындаушылары тек қарыз сомасы шегінде ғана шектеу қоя алады. Яғни, азаматтардың шоттары толық жабылмайды. Қазіргі таңда бұл бағытта банктермен бірлескен жұмыс жүргізіліп, тиісті хаттар жолданған. Жаңа тетік жуық арада іске қосылады", – деді ол.

Айта кетейік, бұл норманы енгізу мәселесі 2023 жылдан бері талқыланып келеді.

Еске салсақ, Қазақстанда салық берешегі 86,5 мың теңгеден асқан азаматтардың шоттарына бұғат қою шарасы қолданылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.