Экономистер Қазақстанда бензинге акцизді көтерудің еш қисынын байқамады

Талдаушылардың пікірлеріне қарағанда жанармайға акцизді көтеру үшін ешқандай алғышарт болған жоқ.

17 ноября 2015 года

Қазақстан үкіметі неліктен әлемде мұнай бағасының төмендеуі жалғасып жатқанда бензинге акциз бағасын көтеруді жөн деп тапты? Үкіметтің жанармайға қатысты шешімін түсіндіру үшін LS экономистерге осындай сауал қойды.

Еске түсірейік, 25-қарашадан бастап үкімет қаулысына сәйкес өндірушілер бензин мен дизель отынын көтермелеп өткізуді 4,5 мыңнан – 10,5   мың теңгеге дейін өсіреді. Мұндай жағдайда, жанармай құю бекеттеріне бөлшектеп өткізу 11 мың теңгені құрап, өсім 6 мың теңге болады.

Экономист Шамиль Даурановтың пайымдауынша, жанармайға акцизді көтеру үшін ешқандай алғышарт болған жоқ.  "Егер мұнайдың жылдық орташа бағасы өткен жылмен салыстырғанда 47 % төмендесе, бензин бағасын қалайша ұлғайтуға болады? Бұл жерден мен ешқандай қисынды көріп отырған жоқпын" , – деп түсіндіреді  ол.

Ұқсас көзқарасымен экономист Сергей Смирнов та бөлісті. "Тұра бір жыл бұрын баррелі 102 $ боп тұрғанда бензиннің  АИ92/93 сұрыптарының литрі 128 теңге болды. Қазір баррельдің орташа бағасы 45 $, ал бензин бағалары бәз баяғыша 128 теңге",  – дейді ол.

Сонымен бірге, сұхбаттасушы жанармай бағасына қандай да бір болжам жасауға қиналды. Оның шамалауынша, акциздер мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жаңғыртуды аяқтауға қаржы тарту мақсатында көтерілді.

"Мұның алдында процессингке де бағаны өсірді. Яғни зауыттарда мұнайды өңдеу үшін. Бұл да (акциз – LS ескертпесі) МӨЗ-дарды жаңғыртуға қаражат тарту мақсатында көтерілді.  Егер қарайтын болсақ, жаңғырту қарыз құралдары есебінен жүргізіліп жатыр. Әлбетте ақша да, мамандар да жетіспейді, сондықтан жаңғырту жоспары да әлдеқашан бұзылды",  – дегенді айтады LS-пен өз пікірін бөліскен С.Смирнов.

Oil Gas Project компаниясының директоры, экономист Жарас Ахметов болса,  акциз құнының  көтерілуінің басты себебі ретінде – республикалық қазынаны толтыруды атап отыр. 

"Келесі жылдың бюджеті ЖІӨ 2,1 пайызға өседі деген болжам бойынша жасалды. 10 айдың қорытындысы қарағанда ағымдағы жылы ЖІӨ өспейтінін аңғаруға болады, ал келесі жылы тіпті минусқа кетуі мүмкін. Бұл 2016 жылға жоспарланған бюджеттік түсімдер  шындығында төмен болатынын көрсетеді. Қазір республикалық қазынаға түсімді ұлғайтудың барлық мүмкіндіктері іздестірілуде. Акцизді көтеру – соның бірі" ,  – деді ол.

Кәсіби қатысушы сенімді, бензин бағасының өсірілуінен қаша алмаймыз, дегенмен күрт өзгеріс болжанбайды. "Ең жоғарғы баға өсімі шамамен 1 литр үшін 3 теңгені құрауы мүмкін. Бұдан төмен болуы да ықтимал",  – деп түсініктеме берді Ж.Ахметов.  

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.