Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көші-қон ағыны Қазақстанда ең көп тіркелді, деп хабарлайды LS.
2020 жылы Қазақстаннан 29 110 адам кетіп, елге 11 447 адам келді. Осылайша, көші-қон ағыны 17 663 адамды немесе 1069* халықтың біреуін құрады.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) статистикалық департаментінің деректері бойынша, теріс көрсеткіштері бар елдер қатарында Қырғызстан бар – 4861 адам (961 адам келді, 5822 адам кетті) немесе 1342** халықтың біреуі болып табылады.
Сонымен бірге, Ресей мен Арменияда көші-қон сальдосы оң болды. Солтүстік көршіден келгендер саны 594 146 адамды құрады, кеткендер саны 487 650 адам. Айырмашылық – 106 496. Ал Арменияда сальдо 3300 құрады, оның ішінде 36 500 адам келсе 33 200 адам кеткен.
Ал Беларусьтегі көші-қон бойынша ЕЭК деректерді ұсынбағанын атап өткен жөн.
ЕАЭО-ның барлық қаралып отырған елдерінде келетін көшіп-қон саны төмен көрсеткіш байқатты. Кетушілер санының өзгеруі бойынша да осындай көрініс. Алайда, Ресейде бұл көрсеткіш, керісінше, бір жылда 18,8%- ға өскен.
* Статистика бюросының 2021 жылғы 1 қаңтардағы деректері негізінде.
** Қырғызстанның ұлттық статистика комитетінің 2020 жылдың басындағы деректері негізінде.