Доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе

1 октября 2025 года

Halyk Finance Қазақстан теңгесінің АҚШ долларына қатысты бағамының 600 теңгеге дейін әлсіреу ықтималдығын талдады, деп хабарлайды LS.

Кеше биржада теңге айтарлықтай әлсіреді: KASE-де доллар бірден 4,32 теңгеге қымбаттап, 548,77 теңгеге жетті.

Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірхановтың айтуынша, Қазақстандағы валюта нарығы шағын және қатысушылар саны аз әрі әртүрлі емес.

"Сондықтан валютаны сұраныстың аз ғана өсуі де теңгенің күрт әлсіреуіне әсер етеді, дәл қазір де сол болып жатыр. Күзде әдетте импорт артады, валютаға сұраныс көбейеді, әсіресе үкімет инфрақұрылымдық жобаларға, мектептерге және басқа салаларға көп қаржы бөлген кезде", - дейді М. Темірханов.

Аналитик ұлттық валютаға әсер ететін негізгі факторларда айтарлықтай өзгеріс жоқ екенін атап өтті.

"Біздің жыл соңына арналған теңге бағамы бойынша болжамымыз өзгерген жоқ – $1 үшін 550- 560 теңге болады", - деді ол.

Halyk Finance өкілі шілдеде Ұлттық банк теңгенің шамадан тыс әлсіреуіне жол бермеу үшін $125,6 млн көлемінде интервенция жүргізгенін еске салды. Сол кезде теңге бір ай ішінде 520-дан 550 теңгеге дейін күрт әлсіреді, бұл фундаменталды факторларға сәйкес келмеді. Halyk Finance аналитикалық орталығы сол кезде интервенцияны ертерек жасау керегін айтқан.

"Фундаменталды факторларға сәйкес келмейтін осындай әлсіреу нарықтағы ұлттық валютаға сенімді төмендетті. Ұлттық банк енді теңгенің осындай күрт әлсіреуіне жол бермесін деп үміттенемін", - деді М. Темірханов.

Аналитикалық қаржы компаниясының мәліметінше, теңгенің әлсіреуі мұнай бағасының төмендеуімен және қазақстандық компаниялардың импорттық төлемдер мен сыртқы борышты өтеу үшін валютаға сұранысының дәстүрлі өсуімен байланысты. Әсіресе бұл айдың соңында байқалады.

Сонымен қатар, теңгенің шамадан тыс әлсіреуі импорттық тауарлардың қымбаттауына және инфляцияның өсуіне әсер етуі мүмкін.

Brent маркалы мұнай бағасы баррельге $70 төмен деңгейде саудаланып жатыр. LS сарапшысы Олжас Байдильдинов мұның ел экономикасына және ұлттық валютаға қалай әсер етуі мүмкін екенін бағалады.

Ал ВСС Invest жыл соңына дейін теңге бағамы $1 үшін 541–547 теңге деңгейінде сақталады деп болжам жасаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.