Цифрлық теңгенің қолданысы артады

4 августа 2025 года

Ұлттық банк цифрлық теңгені қолдану аясы қалай кеңейтілетінін түсіндірді, деп хабарлайды LS.

Бас банктің мәліметінше, бұл қазіргі іске асырылып жатқан жобалар (несиелеу және субсидиялау) бағытында, сондай-ақ, жаңа жобаларда- белгілі бір тауар түрлерін сатып алуда және көлік құралын сатып алу кезінде жүзеге асырылады.

"Көлік құралдарына қатысты мәмілелерде фермерлерге арналған несие мен субсидиялау механизмдеріне ұқсас тәсіл енгізілуі мүмкін. Бұл жағдайда цифрлық теңгемен берілетін қаражат сатушыға тек автокөлік қайта тіркелгеннен кейін ғана қолжетімді болатындай етіп бағдарламалануы мүмкін",- деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Қазіргі уақытта жобалар мен тауар түрлерін таңдауды қоса алғанда, бұл мәселелер салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен пысықталып жатыр.

Бұған дейін, LS редакциясы цифрлық теңге желтоқсан айында толыққанды іске қосылатынын жазған болатын.

Еске сала кетейік, премьер-министр Олжас Бектеновтің Ұлттық банк өкілдерімен өткізген кеңесінде цифрлық ұлттық валютаны жылжымайтын мүлік пен көлік саудасында, жоғары құны бар тауарларды сатып алуда, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік несиелеу тетіктерінде қолдану жоспарланып отырғаны айтылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
1 ноября 2025 года
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.