Біз оқиғалардың қиын бетбұрыстарына дайын болуымыз керек – Тоқаев сыртқы күйзелістер туралы

Елде әскери доктринаны қайта жүктемек

1 сентября 2021 года

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуды және оқиғалардың шиеленіскен нұсқасына дайын болуды тапсырды, деп хабарлайды LS.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ауғанстандағы жағдай және жаһандық шиеленістің жалпы өсуі қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен әскери доктринаны қайта жүктеу міндетін қойып отыр.

"Қорғаныс қабілетін нығайту, жеделдікті арттыру, қауіп-қатерлерге ден қою осының барлығы мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуға тиіс. Біз сыртқы күйзелістерге және оқиғалар дамуының ең нашар нұсқасына дайындалуымыз керек. Сырттан келетін тәуекелдерді модельдеу өте өзекті болды. Стресс-тесттер жүргізіп, сценарийлерді пысықтаған жөн, олардың негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспарлары әзірленіп, түзетілетін болады", - деп атап өтті Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстандағы саяси жағдай Қазақстанға да әсер етті. Атап айтқанда, отандық экспорттаушылар аталған елдің ұн мен астық нарығын жоғалтуы мүмкін деп хабарланды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі қызметінен босатылуын сұрады. Ведомствоның жаңа басшысы қызметіне Мұрат Бектанов тағайындалды.

Тоқаев Жолдауының басқа тармақтарымен келесі бөлімдерде танысуға болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.