Қазақстандықтарды жылумен қамтуға жүздеген миллиард теңге жұмсалады

4,5 мың км желі қайта салынып жаңартылмақ

23 августа 2021 года

Қазақстанда жылу және сумен жабдықтау желілерінің жартысынан астамы тозған. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы 55%-ды құрады. Оның ішінде жылумен жабдықтау – 59%, сумен жабдықтау – 50%, су бұру – 56%.

Осыған байланысты елде үнемі технологиялық бұзушылықтар мен апаттар орын алады. Оның ішінде 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымы кезеңінде бұл жүйелерде 121 технологиялық бұзушылық пен авария болды. Оның ішінде автономды қазандықтарда – 4, жылумен жабдықтау желілерінде – 34, сумен жабдықтау және су бұру желілерінде – 83.

Сонымен қатар, ИИДМ 2021 жылы тозу көрсеткіштерін 53%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 47%-ға дейін төмендеуі тиіс.

Ол үшін "Нұрлы жер" аясында 2020-2025 жылдарға 221 млрд теңге, жыл сайын 44,2 млрд теңгеге дейін қарастырылған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 10,1 млрд теңгеге жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша алты жоба іске асырылуда. Қазірдің өзінде 16,1 шақырым инженерлік желі салынып, қайта жаңғыртылды. Қаржыландыру 2020 жылы бюджеттік несиелер аясында бөлінді.

2021 жылы Қарағанды, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының алты жобасын іске асыруға 9,8 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, нысаналы трансферттер шеңберінде 2021-2025 жылдары қалалар мен ауылдық елді мекендерде 22,6 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және реконструкциялау үшін 813 млрд теңге жоспарланған.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілері "Табиғи монополиялар туралы" заң шеңберінде желілердің тозуын азайту үшін өздерінің инвестициялық бағдарламаларын іске асырады. Олар әкімдіктермен келісіледі.

Осылайша, 2015-2019 жылдары 400 км жылу желілері, шамамен 900 км су құбыры және кәріз және 22 мың км электр желілері салынып реконструкцияланды.

Нәтижесінде, ИИДМ ақпараты бойынша, әрбір саладағы тозу көрсеткіштері 6%-ға дейін төмендеді. Нормативтік-техникалық шығындар да 3%-ға дейін азайды.

Алдағы жылдары, инвестициялық бағдарламалардан басқа, әкімдіктер 4,5 мың км-ден астам желілерді салып қайта жаңартпақ. Оның ішінде жылумен жабдықтау – 128 км, сумен жабдықтау – 4,1 мың км, су бұру – 321 км.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.