Қазақстандықтардың Таяу Шығыстағы банктерде 2 мыңға жуық шоты бар

сегодня

Қазақстандықтар Таяу Шығыс елдеріндегі банктерде 1,9 мыңнан астам шот ашқан. Бұл туралы LS редакциясының сауалына Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, ақпарат 2024 жылдың қорытындысы бойынша 250.00 және 270.00 нысандарында ұсынылған деректер негізінде қалыптастырылған.

Атап айтқанда, қазақстандықтардың шетелдік банктердегі шоттары мынадай: Түркияда – 890, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 874, Израильде – 53, Катарда – 45, Сауд Арабиясында – 16, Иранда – 12, Оманда –сегіз, Иорданияда – алты, Кувейтте – төрт, Ливанда – екі. Сонымен қатар, Ирак, Египет және Бахрейн елдеріндегі қаржы ұйымдарында бір-бірден шот тіркелген.

Жалпы алғанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан азаматтары шетелдік банктерде ашылған 7 082 шотты декларациялаған. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шоттардағы қаражаттың жалпы сомасы жөнінде ақпарат жарияламады.

"2024 жылғы есепті кезең бойынша камералдық бақылау талап қою мерзімі аясында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда қаржылық шоттар туралы көпжақты құзыретті органдар келісімі шеңберінде мәліметтерді алу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады комитетте.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.