Қазақстандықтардың миллиардтаған қарызы коллекторларға өтті

21 сентября 2022 года
    

Коллекторлық агенттіктерге өткен қазақстандықтардың проблемалық несиелері 457 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

Қаржы нарығын реттеу агенттігіндегі LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде бұл ұйымдар 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар мен микрокредиттерді ғана, ал жеке тұлғаларға ипотекалық несиелер бойынша – 180 күннен астам сатып алуға құқылы екенін атап өтті.

"2022 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша коллекторлық агенттіктер өндіріп алуға қабылдаған берешек көлемі 457 млрд теңгені (992 мың қарыз алушы) құрады. Ағымдағы жылдың басынан бері ол 13,7%- ға (55 млрд теңге), ал 2021 жылдың басынан бастап 11,3%- ға (46,3 млрд теңге) ұлғайды", - деп хабарлады агенттікте.

Сонымен қатар, берешектің жалпы көлемінің шамамен 87,7%- ын немесе 401 млрд теңгені банктер алдындағы міндеттемелер, 7,4%-ын немесе 34 млрд теңгені микроқаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер және 4,8%-ын немесе 22 млрд теңгені өзге ұйымдар алдындағы міндеттемелер құрайды.

Бұдан басқа, коллекторлық агенттіктерге берiлген берешек сомасы 2022 жылдың басынан бастап 4,5%-ға (34,4 млрд теңге), ал 2021 жылдың басынан бастап 16%-ға (109,7 млрд теңге) ұлғайып, 797 млрд теңгеге (744 мың қарыз алушы) жетті.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінде түсіндіргендей, жалпы қарыздың шамамен 61%-ы немесе 486 млрд теңгесі – банктік қарыз шарттары бойынша берешек, 7,3%-ы немесе 58 млрд теңгесі –микрокредит беру туралы шарттар бойынша және 31,7%-ы немесе 253 млрд теңгесі-өзге ұйымдар берген қарыз.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.