Қазақстандықтардың ай сайынғы табысы 122 мың теңгеден аспайды

сегодня

Қазақстандықтардың бір адамға шаққандағы орташа айлық табысы шамамен 120 мың теңгені құраса, шығыстары – 108 мың теңге, деп хабарлайды LS.

III тоқсанда қазақстандықтардың негізгі табыс көзі еңбек қызметі болды. Бұл кезеңде бір адамға шаққандағы еңбек кірісі 273,3 мың теңгеге жетті. Бұдан бөлек, халыққа түрлі әлеуметтік төлемдер төленген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір тұрғынның орташа табысы тоқсанына 364,5 мың теңге, айына 121,5 мың теңге деңгейінде қалыптасты.

Қазақстандықтардың орташа шығыны тоқсанына 224,5 мың теңге, ал айына 108,1 мың теңге деңгейінде қалыптасты.

Шығындардың жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалған – 169,8 мың теңге. Оның ішінде ет өнімдеріне 54,8 мың теңге, көкөністер мен жеміс-жидекке 26,3 мың теңге, нан өнімдері мен жармаға 22,5 мың теңге кеткен.

Азық-түлікке жатпайтын тауарларға бір тұрғын үш айда орта есеппен 69,1 мың теңге жұмсаған. Бұл санатта ең көп шығын киім мен аяқ киімге – 21,9 мың теңге, жиһаз бен тұрмыстық техникаға – 12,5 мың теңге, дәрі-дәрмекке – 4,4 мың теңге.

Ақылы қызметтерге тоқсан ішінде 58 мың теңге жұмсалған. Оның ішінде коммуналдық қызметтерге – 14,8 мың теңге, байланыс қызметтеріне (ұялы байланыс пен интернет) – 10,9 мың теңге, көлікке – 8,1 мың теңге кеткен.

Несие мен қарыз міндеттемелерін өтеуге қазақстандықтар тоқсанына орта есеппен 21 мың теңге жұмсайды.

Бұл шығын көлемі бойынша Ұлытау облысы алда тұр – 67,4 мың теңге. Одан кейін Қарағанды облысы (50,2 мың теңге) мен Астана қаласы (38,2 мың теңге) орналасқан.

Ал несиеге ең аз қаржы Алматыда – 8,3 мың теңге, Маңғыстау облысында – 6,3 мың теңге, Жамбыл облысында – 6,1 мың теңге және Шымкент қаласында – 3,5 мың теңге жұмсалған.

Сонымен қатар қазақстандықтар тоқсан ішінде салықтарға – 47,7 мың теңге, алимент төлемдеріне – 6 мың теңге бағыттаған.

Бұған дейін LS редакциясы қазақстандықтардың табысы инфляция қарқынынан жоғары өседі деген уәде берілгенін хабарлаған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.