Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке ақша жинап, несиеге демалуды жөн санайды – зерттеу

Негізінен 30 жастан асқан қатысушылар ақша жинау мүмкіндігіне ие

23 апреля 2021 года

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға барынша белсенді қаражат жинайды. Мұндай қорытындыны IDF Eurasia тобы жасады, деп хабарлайды LS.

IDF Eurasia (SOLVA және Moneyman МҚҰ брендтер) талдаушылары зерттеу жүргізіп, оған 21 жастан 65 жасқа дейінгі 12 мың респондент қатысты.

"Қатысушылардың жалпы санының 60%-ы қазіргі уақытта жинаған немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға ақша жинауды жоспарлап отыр. Тағы 25%-ы автокөлік сатып алуға ұмтылса, 15%-ы кәсіпті дамытуға капитал құратындарын айтты", – деп атап өтті топ өкілдері.

Алайда, сарапшылар бұл мақсаттарды талдау әр қалаға немесе аймаққа байланысты өзгеретінін байқады.

"Өңірлерде азаматтардың көпшілігі бірінші кезекте автокөлік сатып алуға ақша табуға тырысады (60%). Жылжымайтын мүлікке ірі қалалармен салыстырғанда сауалнамаға қатысқандардың саны аз – 35%. Қалған 5% білім алуға ақша жинайды. Респонденттердің текк 11% ғана оқуға жинақтайды. Сонымен бірге, шамамен 10% ақшаны киім мен аяқ киім, және басқа да саудаға үнемдейді екен. Қатысушылардың шамамен бірдей саны өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, бар ауруларын емдеуге немесе ағзаны диагностикалауға ақша үнемдейді", – деп көрсетті зерттеу нәтижесі.

Бұл ретте пандемия әсерінен қазақстандықтардың қаржылық мінез-құлқы да біршама түзетілді. Осылайша, барлық респонденттердің 40%-дан астамы күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жұмысынан айрылу, локдаун, ауру және т.б.) қаржылық қиын жағдайға тап болмас үшін, бірнеше ай бойы үздіксііз ақша жинақтайтындарын хабарлады.

"Егер респонденттер ірі сауда жасауға ақша жинауды қаласа, саяхат жасауға көптеген қазақстандықтар үшін несие алу оңайырақ. Сауалнамаға қатысқан 12 мың адамның тек 42%-ы демалысты алдын-ала жоспарлап, ақша жинайтын болып шықты. Ал қатысушылардың көпшілігі демалысты қарызға алады. Жөндеу, тұрмыстық техниканы, жиһаз бен гаджеттерді сатып алу үшін респонденттер негізінен несиеге немесе бөліп төлеуге алады. 89%-ы осы сегменттер бойынша тұтыну несиелерін төлеу оңай екенін мойындады, өйткені мұндай сатып алуларды көбіне кейінге қалдыруға болмайды", – деп түсіндірді сарапшылар.

Сонымен бірге, зерттеу негізінен 30 жастан асқан қатысушылардың кейінге қалдыру мүмкіндігі бар деп қосты. Бұл ретте жасы үлкен (50 жастан бастап) санаттағы адамдар көптеген жылдар бойы жинаған қаржыларына сенім артады (сұралғандардың 12%).

"Қатысушылардың 35%-ы ғана табыстың 15%-дан астамын жинай алады. Ал төрттен бір бөлігі жиналған қаражаттың 10%-ын жинақтауға тұрақты түрде бөледі. Респонденттердің бірдей саны қазіргі уақытта ақшаны үнемдеуге мүмкіндігі жоқ екенін мойындады. Олардың басым бөлігі 21-ден 25 жасқа дейінгі адамдар тобы. Олар ай сайынғы табыстың 5%-дан кем дегенде 15%-ға дейін үнемдеуге тырысады", – деп атап өтті сауалнамада.

Осылайша, аталған зерттеулер қазақстандықтардың қаржы тәртібі соңғы жылы біршама жақсы жаққа өзгергенін көрсетті.

"Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі, соның ішінде кейінге қалдыруға мүмкіндігі жоқ адамдар, болашақта жинақтардың пайызын арттырғысы келетінін немесе табыс деңгейін арттыруға тырысатындарын хабарлады", – деп қорытындылады IDF Eurasia талдаушылары.

Бұған дейін LS, Ұлттық банкте қазақстандықтардың жинақтары есептелгені туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.